Б. Соқпақбаев Ағаштар неге ашуланды - конспект для урока

 
  • Рубрика:
  • Формат: zip
  • Просмотров: 198
  • Скачиваний: 18

Баядилова Назгул Турсынгазиновна – бастауыш сынып мұғалімі
№ 236 орта мектебі КММ
ШҚО Жарма ауданы Шуақ ауылы

Ана тілі 4 «А» сыныбы
 Мақсаты:1. Қазақтың көрнекті балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармалары туралы тереңірек танысып, әңгіменің тақыры-
бы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу.
2. Оқушы ой-өрісін кеңейту,өз ойларын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру.
3. Әңгіме арқылы еңбексүйгіштікке, мейірімділікке тәрбиелеу. Ағаштарды күтіп баптауға үйрету.
Сабақтың түрі: сабақ-саяхат
Сабақ типі: жаңа білім меңгеру
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, әңгімелеу.
Көрнекілік: АКТ, жазушы суреті, Астананың суреттері.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен –
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз.
2. – балалар, бүгінгі сабақ ерекше түрде өткелі отыр.
- біздің бас қаламыз қай қала?
- Астанамыз қай қала?
-Олай болса, бүгін біз сабағымызда саяхатқа шығамыз.
І. Бас қаламыз- Астана қаласының көрікті жерлерімен танысамыз. Астана - Қазақстан астанасы.( тарихына тоқталу)
Бұл қаланың негізі 1830 жылы қаланған/ ол кезде Ақмола деп аталатын. Қазақ тілінен аударғанда «астана» деген мағынаны білдіретін Астананың қазіргі атауы 1998 жылы берілді.Қала Сарыарқаның солтүстігінде, Есіл өзенінің оң және сол жағалауында орналасқан. . Астана – ең ірі көлік торабы, автомобиль, теміржол және әуе көлігінің орталығы.
- Ол үшін барлық тапсырмалардан сүрінбей өтуіміз керек.
- Алдымен үй тапсырмасын еске түсірсек:
- ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
- 1. Әңгіме мазмұнын айту
- 2. Сұрақтарға жауап беру
- 1. Қанатқа әкесі сыйлаған компастың қандай ерекшелігі бар?
- 2. Балалар қайда барды?
- 3.Боданның компасқа қызыққанын оның қай сөздерінен байқауға болады?
- 4.Бодан компасты не істеді?
- 3. Әңгіменің соңғы бөлігін оқып, өз ойын жазып келу.
- «Егер мен Боданның орнында болсам......»
ІІ.Өткен тақырыпты жақсы меңгерсек, «Бәйтерек» монументімен танысамыз. Бәйтерек – тәуелсіз Қазақстанның символы Астананың ең көрікті орны ғана емес, сонымен қатар жаңартылған Қазақстанның визиттік карточкасы болып табылады.Бұл монументті салу идеясын Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған. Бәйтерек өз тарихи тамырын сақтаған, мықты тірегі бар және болашақ гүлденуге талпынған және тұтас әлемдік қауымдастық үшін Қазақстанның тәуелсіздік символы болып табылатын мемлекетті бейнелейді.«Бәйтерек» күн сайын әр түрлі жастағы және түрлі ұлт қонақтарын күтеді. Келушілер панорамалық лифттермен шыны «шарда» орналасқан ашық, кең залға көтеріледі.97 метрді құрайтын көрініс кешені заманай қаланың көркем бейнесін ашады. 97 саны кездейсоқ емес, ол астананың Алматыдан Астанаға ауысуын білдіреді
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Жазушы жөнінде білетіндерін еске түсіру
1924ж 13қазанда туған
Абай атындағы педагогикалық институт
Б. Соқпақбаев Мұғалім
Балалар жазушысы
«Менің атым-Қожа»,«Жекпе жек» кітабы

Автор туралы білетінімізді айттық, жинаған деректерімізге тоқталдық.Олай болса, «Хан Шатырымен» танысайық.
«Хан Шатыры» сауда ойын-сауық орталығы – атақты сәулетші Норман Фостердің қолымен жасалған кезекті өнер туындысы. Бұл сауда және ойын-сауық орталығында ең үлкен қалалық бақ, ірі сауда орталықтары, кинотеатр, концерт залдары болады. Сонымен бірге

Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: