Азат елдің хал жайы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Азат елдің хал-жайы
Толғау
Ақбота Шәріпхан
Мұнарға толып от денем,
Мұнарадай боп келем,
Тағдырдың жағалауынан
Тарих дейтін от көрем!
Тарих дейтін шоқ көрем!

Бұл аталмыш тарихтан
Кімдер кеп, кімдер өтпеген?!
Тұрақсыздық құрдымға
Кімдер ілесіп кетпеген?!
Тәуелсіздік тұғырға
Бәз біреулер жетпеген.
Елдікке жетем дегеннің
Көкірегінен теппеген.
Алайда, не бір сұмдарды
Сабаға салып тектеген.
Кейбірін салып сынаққа
Азаттықтан шектеген.
Қадірін білмейтіндерге
Елдіктің дәнін сеппеген.
Алмайды ешкім Елдікті
Қарадүрсін кекпенен.
Сол жолда талай қиналып
Кімдер мұңын төкпеген.
Сынақтан өткен ел ғана
Осы күнде көктеген.
Тарихтың да осындай
Қырлары бар көптеген.


Заманның зарлы жолынан
Қазағым сен де өткен ең.
Азаттық табалдырығына
Зарығып әрең жеткен ең.
Тарығып әрең жеткен ең.
Барды да көрген көппенен,
Жоқты да көрген көппенен,
Қазақтың аңғал көңілін
Кімдер келіп сөкпеген?!
Қазақтың кең пейілін
Кімдер пана етпеген?!
Ал енді тілеп Алладан
Бейбітшілікті беттеген
"Қазақтың Тәуелсіздігін
Мәңгілік ет"- деп келем!

Бұл мақаланы осы толғаумен бастау менің емес, кеудесін шаттық кернеген Тәуелсіз елдің азат ұрпағының ойы еді. Шабыт шіркіннің келмейтін жерде келіп, болмайтын жерде болатын әдеті ғой. Бір жағынан онысы да дұрыс. Сананың қолдан соққан өлі бейнесінен шабыттың жан бітірген тірі дүниесі артық емес пе?!
Иә, Тәуелсіздікті жырлаған, жазған, толғаған қазақ қаншама. Ал менікі сол таудай болмаса да тарыдай ғана қосқан үлес қой. Үлес демекші, бүгінгі алаңсыз ас ішуіміз үлкен еңбекпен келгені менен гөрі қаймана қазақ сіздерге мәлім. Тәуелсіздікке әр кімнің, әр

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: