Азат елдің хал жайы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

қазақтың қасқалдақтың қанындай болса да қосқан үлесі ұмытылмайды. Тіпті біз ұмытты деген күннің өзінде тарих ұмытпайды.
Ендігі аса зор көңіл аударатын, еңбек сіңіретін, жұмыстанатын мәселе Елдікті сақтап қалу. Американың бұрынғы президенті Линкольн айтқан екен: "Тәуелсіздікке қол жеткізу оңай, ал оны ұстап тұру қиынның қиыны" - деп. Ал қазақтың алдындағы міндет - Елдікті ұстап тұрғана емес, оны шыңырау шегіне жеткізу. Атам қазақтың талайда кеткен есесін қайтару, яғни "тас атқанға ас ату" технологиясы. Осылайша Қазақстанды әлемдік аренадағы ең мәртебелі елге айналдыру. Әрине, "Айтуға оңай", бірақ алтауды ала қылмай, төртеуіміз түгел болсақ, Алланың назары мен ықыласы бізде болмақ.
Осы орайда Төле би бабамыздың мына өсиет сөзін тілге тиек ете кетуіміз керек:
"Жаңбыр жаумаса - жер жетім,
Басшы болмаса - ел жетім,
Атың жақсы болса
Ер жігіттің пырағы,
Балаң жақсы болса
Жан мен тәннің шырағы".

Аллаға шүкір, жеріміз жетім емес. Жеріне ие болатын Халқы бар. Қазақ даласы өсіп, өркендеп, жаһанға танылып жатыр. Десек те, шығын шықпай кіріс кірмейді. "Көршіңмен тату шекер бол, көңілі сенен қалмасын" демей ме?! Алысы-жақыны бар көршілерімізден жоғын алып, барын беріп отырған жайымыз бар. Ел ішінде "берді, таратты" деген әңгіменің желеуі есіп тұрғаны да рас. Алайда, мына заман алаған қолым берегеннің кері. Оны түсінеді біздің дархан халқымыз.
Аллаға шүкір, еліміз жетім емес. Еліне ие болатын Елбасы бар. Елбасы. Жақсы сөз - жарым ырыс. Бүгінде тасымыздың өрге домалауында Нұрсұлтан Әбішұлының үлесі зор. Ел еркесіз, отар серкесіз болмайды. Сондай елді басқарып, алға жетелеп жүру үлкен іс. Әркімнің қолынан келе бермейді, егер елін, жерін сүймесе. Мен айтар ем қазекең

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: