- қой сияқты халық. Ал Нұрекең - шопан. Біздің шопан отарды жамыратпай, қасқырға талатпай, құнарлы жерге жайып, өзеннен алып өтіп бағып жатыр. Ал халық оған болысып жатыр. Мұнымды әр кім өзінше түсінер, бірі"ақ" дер, "қара" дер, бірі астар іздер. Қалай дегенмен де Абайша айтқанда: " өз сөзім өзімдікі".
Ал бүгінгі тәуелсіз елдің ұрпақ тәрбиесімен аяулы аналарымыз бен ұлағатты ұстаздарымыз айналысып жатыр. Бұның бір дәлелі ретінде шахматшы кішкене Жәниә мен жас ақын Жамбылды алайық. . .
Осымен осы мақаланың үтірін қояйын. Нүкте қоятын деңгейге жетпедік әлі, біз бала. Сонымен, ой қортындысын мына бір шумақ өлеңге тапсырдым:
Бақытқа жетеледі бізді азат ұстаным,
Қанатыңды кеңге жай, аз-ақ ұстағын.
Бірліктің аспанында самғай бергін
Қанатың қайрылмасын Қазақстаным!
Шәріпхан Ақбота
Жаңаөзен қаласы
Страницы: << < 1 | 2 | 3