есепке алмау;
3. Суды өте қажет ететін күріш, мақта дақылдары алқабының ауданын барынша көбейтіп жіберу;
4. Жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау жане судың дұрыс пайдаланылмауы;
5. Табиғат ресурстарын пайдалануда жіберілген қателіктер мен оларды игерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі. (Слайд 9, 10, 11)
Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние-жүзіне белгілі болды. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқтатылып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-23млн т. деп есептеледі. Арал өңіріндегі антропогендік факторлар сол жердегі тұрғындардың экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, буйрекке тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жүқпалы аурулар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.
Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:
1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.
3. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.
4. Жер асты суларын пайдалану.
5. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту. (Слайд 12 )
Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да, жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>