Қазақстанның экологиялық апатты аймақтары

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

де жылына 50-150 мың т балық ауланса, теңіз жағасында едәуір мөлшерде терісі бағалы бұлғын өсірілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілді. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық кеншары, 10 балық өңдейтін зауыт жане 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген. (Слайд 7)

1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда-15, Түркіменстанда-24, Қазақстанда-1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған байланысты 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері антропогендік факторлар еді. Әмудария жане Сырдария өзендерінің бойында суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды. Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3 су құйылса, бүл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Осындай антропогендік факторлар Арал өнірін экологиялық апатқа ұшыратты. (Слайд 8)

2-сурет. Иесіз қалған кемелер.
Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы ете жоғары 2 млн. т тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Теңіз жағасында кемелер иесіз қалды (2-сурет).
Арал апатына себеп болған факторлар:
1. Жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
2. Ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: