Қазақстанның экологиялық апатты аймақтары

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Беркалиева Айман Аманкелдиевна
Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінің
арнайы пәндер оқытушысы

Сабақтың тақырыбы: "АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ЭКОЛОГИЯСЫ"
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:Арал мәселесі, Арал тағдыры, Арал апаты, Арал теңізінің болашағы туралы жеке түсінік беру. Оқушыларға тақырып туралы толық білім беру және меңгерту.
2. Дамытушылық. Оқушылардың Арал теңізі туралы білімдерін кеңейтіп, өз бетімен жұмыс жасау, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға, сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: теориялық
Оқытудың әдістері мен әдістемелік амалдары: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап
Көрнекті оқу-құралдары мен техникалық құралдар: плакат, мультимедиялық проектор, сөзжұмбақ, фотосуреттер, ватман, маркер

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу және аудитория тазалығын тексеру.
2. Өткен тақырыпты тексеру:
Оқушылар зейінін сабаққа аудару мақсатында өткен тақырыпты қайталау.
Оқушыларды 2 топқа бөліп сұрақтар қойылады, кестемен жұмыс. (Слайд 3,4,5)
1. Сұрақ - жауап
1-топқа:
1) Табиғаттағы апаттар нешеге бөлінеді және қандай?
2) Жер сілкінісі дегеніміз не?
3) Цунами апаты дегенді қалай түсінесіз?
4) Экологиялық апатты аймақ деп не үшін жарияланады?
5) Үкімет тарапынан зардап шеккен тұрғындарға қандай көмектер берілуде?
6) Қазақстан аумағындағы экологиялық апатты аймақтарды атаңыз?
7) Батыс Қазақстанда ядролық сынақ жасалған жердің көлемі? (1558,8 мың га)
8) Экологиялық апат, оның тигізетін зардаптары және қорғану жолдары.

2-топқа:
1) Техногенді апаттарға нелер жатады?
2) Су тасу апаты және Қазақстандағы суы жиі таситын өзен-көлдер?
3) Қазақстаннның қай жерлері экологиялық ап

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: