лғаныс
Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Жағдаяттық тапсырманың шартын орындайды.
IV. Бекіту
"Есте сақта!" айдарымен берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқиды, талдатады.
Сөздер мен сөз тіркестерін оқиды, талдайды.
V. Бағалау
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.
"Ішкі және сыртқы шеңбер" техникасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.
VI. Үйге тапсырма
Оқулықтағы 5-тапсырманы орындау.
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
VII. Рефлексия
Мұғалім түрлі желімқағаздар таратып береді.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін желімқағаздарға жазып, тақтаға іледі.
13-сабақ
Сабақ тақырыбы:
Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?
Білімділік:
Интербелсенді әдістер мен тілдік тапсырмалар арқылы оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін бекіту.
Дамытушылық:
Нәтиже сабақ аясында қазақ тілінен топтық, жұптық жұмыстарды орындау арқылы іскерлікке машықтандыру.
Тәрбиелік:
Тілдік коммуникация барысында саламатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, "Қазақ тілі" оқулығы.
Жетістік критерийлері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша сөйлем құрайды, сұрақтарға жауап береді, тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді толық меңгереді.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырып аясында қазақша сөйлесімге түседі, жай сөйлемдер арқылы сипаттайды.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында мәтін құрай алады.
Негізгі түсініктер:
Спорт, атақты спортшылар.
Сабақта қолданылатын материалдар:
Интерактивті тақта, плакаттар, маркерлер, карточкалар, А4 парағы, парақшалар.
Оқыту әдістері
Страницы: << < 87 | 88 | 89 | 90 | 91 > >>