Мақал-мәтелдерді тыңдайды, өз пікірін айтады.
IV. Бекіту
"Ұлы Жібек жолы -- қазақ елінің бастауы" деген тақырып береді.
Айтылым. Пікірталас ұйымдастырады.
V. Бағалау
Формативті бағалау. "Шағын шолу" тәсілімен парақшалар таратады.
Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздерін, сөйлемдерін параққа жазады.
VI. Үйге тапсырма
Оқулықтағы 4-тапсырманы орындау.
VII. Рефлексия
Күн шапақтары салынған А4 парағын таратады.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін күн шапақтарына жазып, тақтаға іледі.
5-тақырып. Спорт және денсаулық күтімі. Т. Нұрмағамбетов.
"Он төрт жасар жігіт".
1 -- 2-сабақ
Сабақ тақырыбы:
Футбол ойнаймыз.
Білімділік:
Тілдік коммуникация негізінде спорттың түрлері жайлы ақпарат беру.
Дамытушылық:
Сөйлесім барысында сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пай- далану негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік:
Қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетіне құрылған қарапайым сөйлемдер негізінде оқу- шыларды саламатты өмір салтына бейімдеу.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, "Қазақ тілі" оқулығы.
Жетістік критерийлері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, мәтіндегі негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді табады, сұрақтарға жауап береді.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде тірек сөздерді пайдаланып, мәтін мазмұнын айтады, ақпараттың өзектілігін анықтайды.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып бойынша қосымша деректер кел- тіреді, мәтінде көтерілген мәселеге қатысты өз ойын айтады, сыныптастарымен пікір алмасады.
Жаңа сөздер:
Қақпаға тұру, ұпай алу, денсаулық кепілі.
Саба
Страницы: << < 72 | 73 | 74 | 75 | 76 > >>