Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілін оқып үйренеміз. Үштілді білу — үлкен өнер

Страницы: <<  <  24 | 25 | 26 | 27 | 28  >  >>

оқиды. Оқыған сөйлемін тобына келіп жаздырады. Ойын осы ретпен мәтін аяқталғанша жалғасады. Ойын соңында желаяқтар баяндаған мәтін мен тақтадағы түпнұсқа мәтін салыстырыла- ды. Жылдам әрі мәтінді дұрыс құраған топ жеңімпаз атанады.

5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым.
Оқулықтағы 7-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Мәтіндегі қате жазылған сөйлемдерді табады, себебін түсіндіреді.
ІІІ. Ойтолғаныс
Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады.
Айтылым. "ПОПС" формуласын қолда- нып, мәтіндегі ақпараттар бойынша өз пікірін дәлелдейді.
IV. Бекіту
А) Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Мәтіннен сын есімдерді таба ды, сөйлем құрайды.

Ә) "Есте сақта!" айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.
Сөйлемдерді оқиды, талдайды.
V. Бағалау
Формативті бағалау. Мұғалім оқушы- лардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.
"Жеке әңгіме" техникасы бойынша бағаланады.
VI. Үйге тапсырма
Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау.

VII. Рефлексия
Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы білдіреді.


5 -- 6-сабақ

Сабақ тақырыбы:
Уақытты бағалайсың ба?
Білімділік:
Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану негізінде оқушы- ларға өзінің күн тәртібі жайлы ақпарат беруге үйрету.
Дамытушылық:
Қазақ тілінен түрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы іскерлікке, шеберлікке машықтандыру.
Тәрбиелік:
Тілдік коммуникация барысында рухани-мәдени тәрбие беру.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, "Қазақ тілі" оқулығы.
Жетістік критерий- лері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде өзінің күн тәртібі тур

Страницы: <<  <  24 | 25 | 26 | 27 | 28  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: