х- никасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.
VI. Үйге тапсырма
Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау.
VII. Рефлексия
Мұғалім тақтаға бүгінгі сабақтың өтілу барысын сипаттайтын суреттер іледі.
Оқушылар өзіне ұнаған суреттің тұсына желімқағаздарды жапсырады.
11-сабақ
Сабақ тақырыбы:
Нәтиже сабақ. Мен нені үйрендім?
Білімділік:
Әртүрлі тілдік тапсырмалар арқылы модуль бойынша алған білімдерін бекіту.
Дамытушылық:
Модуль бойынша берілген қазақша мәтіндер негізінде жұмыс істеу арқылы ойлауға, ізденуге жетелеу.
Тәрбиелік:
Қазақша шағын мәтіндерді баяндау арқылы ақпараттық-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, "Қазақ тілі" оқулығы.
Жетістік критерийлері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): модуль көлемінде ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары жайлы қазақша ақпарат бере алады, сұрақтарға жауап береді.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырыпқа қатысты сыныптастарымен тілде- седі, диалог құрады.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): өзі білетін ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтарымен сыныптастарын таныстырады, шағын мәтін құрап айтады.
Негізгі түсініктер:
"ЕХРО -- 2017" көшпелі көрмесі, ғылым, ғалымдар.
Сабақта қолданылатын материалдар:
Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты суреттер, плакаттар, маркерлер, желімқағаздар.
Оқыту әдістері:
Түсіндіру, сұрақ-жауап, сипаттау, әңгімелеу, "Шаттық шеңбері" тренингі, "Тірек сөздер" стратегиясы, ассоциаграмма, диалог, эссе, жағдаяттық тапсырма, "Жалпы сұрақ" техникасы.
Дереккөздері:
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Страницы: << < 191 | 192 | 193 | 194 | 195 > >>