/>Сабақ тақырыбы:
Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?
Білімділік:
Интербелсенді әдістер мен тілдік тапсырмалар арқылы оқушылардың тақырып бойын- ша алған білімдерін бекіту.
Дамытушылық:
Нәтиже сабақ аясында қазақ тілінен топтық, жұптық жұмыстарды орындау арқылы іскерлікке машықтандыру.
Тәрбиелік:
Қазақша шағын мәтіндерді баяндау арқылы мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, "Қазақ тілі" оқулығы.
Жетістік критерий- лері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша сөйлем құрайды, сұрақтарға жауап береді, тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді толық меңгереді.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырып аясында қазақша сөйлесімге түседі, жай сөйлемдер арқылы сипаттайды.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында мәтін құрай алады.
Негізгі түсініктер:
Көп тіл, сөйлеу әдебі.
Сабақта қолданы- латын материал- дар:
Интерактивті тақта, плакаттар, маркерлер, карточкалар, А4 парағы, парақшалар.
Оқыту әдістері:
Көрнекілік, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, "Жүректен-жүрекке" тренингі, "Атаулар кестесі" тәсілі, фотоколлаж, "Оймоншақ" ойыны, полилог, ойбөліс, "Тілдік қатынас -- табыстың кілті" ойыны, "Шағын шолу" тәсілі.
Дереккөздері:
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
Этикет
Тіл
Дұрыс сөйлеу этикетін қалыптастыру керек.
Тәрбиенің басы тіл- ден басталады.
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
"Жүректен-жүрекке" тренингі. Оқушылармен сәлемдеседі, жоқ оқушыларды түгендейді.
Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі, бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Өткен сабақты тексеру
Страницы: << < 17 | 18 | 19 | 20 | 21 > >>