тивті бағалау. "Шағын шолу" тәсілімен парақшалар таратады. 
Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздерін, сөйлемдерін параққа жазады. 
VI. Үйге тапсырма
Оқулықтағы 9-тапсырманы орындау. 
VII. Рефлексия
Мұғалім "Жағымды сөздер" тәсілі бойынша сабақтың қалай өткендігін анықтайды. Ол үшін балаларға мынадай сұрақ қояды: -- Ба- лалар, сабақ барысында қандай жағымды сөздер естідіңдер? Жауаптың нәтижесі бойынша сабақ қорытындыланады. 
Сабақ барысында мұғалім, сыныптастары тарапынан айтылған жағымды сөздерді еске түсіреді, айтады. Желімқағаздарға жазады, тақтаға жапсырады. 
7 -- 8-сабақ
Сабақ тақырыбы:
Біз отбасымызбен мемлекеттік тілде сөйлейміз. 
Білімділік:
Қазақша сипаттау мәтіндері арқылы мемлекеттік тіл
жайлы ақпараттық ұғымын кеңейту. Лексикалық тақырып аясында екпінді меңгерту. 
Дамытушылық:
Түрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы мемлекеттік тіл тақырыбына қатысты атауларды меңгерту. 
Тәрбиелік:
Тілдік коммуникация барысында мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу. 
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, "Қазақ тілі" оқулығы. 
Жетістік критерий- лері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты мәтіндерді мәнерлеп оқиды, мәтіндерден тақырыпқа қатысты негізгі ақпаратты таба алады. 
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ барысында мәтіндерді талдау, сипаттау арқылы мемлекеттік тілдің адам өміріндегі рөлін түсінеді, толық ақпарат бере алады. 
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): жаңа тақырып аясында шағын мәтін құрай ала- ды. 
Жаңа сөздер:
Туыс, жиен, жеңге, жезде. 
Сабақта қолданы- латын материалдар:
Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, "Мемлекеттік тіл" тура- лы деректі фильм, тақырыпқ
		Страницы: << < 8 | 9 | 10 | 11 | 12 > >>
