Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері сабақ жоспары

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

. Тіршілік үшін қажетті барлық ресурстарды - ауа, қорек, су, энергияны Биосферадан алады. Биосфераға барлық қалдықтары мен ластанған заттарды лақтырады. Ұзақ уақыт бойы адамның іс әрекеттері Биосфераның экологиялық тепе - теңдігін бұзбады. Бірақта соңғы жүз жылдықта өндірісті нығайтуымен байланысты Жердің табиғатына көп деген қауіп қатер төндіруде. Қазіргі таңда Жер планетасының сулы аймақтарында, құрлықта адам аяғы баспаған жер қалмады. Адамның іс әрекеттерінің қауіп қатер төндіруі планетамыздың эколкогиялық ластануы әкелуде.
- Сіздердің ойларыңызша қандай мәселелер бар? (экологиялық, демографиялық, өндірістік)
- біздің ғаламшарымызға үлкен қатер төніп тұр, алдын алу үшін сіздер не ұсынар едіңіздер?
қара және түсті металлургия өндірісін, химия, целлюлоза-қағаз өндірістерін қолайлы рационалды орнату
өндіріс кәсіпорындарды суды тазарту (механикалық, химиялық, биологиялық)
егістік жерлерде минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді пайдалануды азайту
табиғи байықтарды сақтау
Жоғалып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар түрлерін сақтау

- Қазіргі таңда қандай экологиялық мәселелерді білесіздер?
Оқушылар:
Атмосфераның ластануы. Қышқыл жаңбыр.
Озон қабатының жұқаруы
Парниктік эффект
Гидросфераның ластануы
Топырақтың ластануы
Шөлді даланың көбеюі
Радиациялық ластану
Тірі ағзалар түрлерінің азаюы
Халық санының күрт өсуі
- Егер де осы мәселерді шешпесе жаһандық экологиялық кризис пен экологиялық катастрофа болуы мүмкін.
- Осы мәселелрді шешу үшін не істеу қажет? Оқушылар жұппен ойластырып, дәптерге жазады.
- барлық сіздердің ұсыныстарыңыз бүгінгі күндері орындауға мүмкін бе?
- Ол үшін дәл бүгін не істеуіміз керек? Әр қайсыларыңыз экологияны сақтауға үлестерің

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: