алымдарды қамтитын жалпы сипаттағы трансферттердің мөлшерлерін бекіту негізінде барлық әкімшілік-аумақтық бірліктерін бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейлерін теңестіру саясаты жүргізіледі.
Бұған қоса, нәтижеге бағдарланған бюджет принциптерін орта мерзімге жоспарлау, сондай-ақ оны енгізу шығыстарды басқарумен қатар бюджетаралық қатынастарды ұйымдастыру сияқты айтулы өзгерістерді талап етті. Бюджетаралық қатынастар одан әрі жетілдіруді талап етеді, осыған байланысты, облыстың уәкілетті органдары бюджетаралық қатынастарды қалыптастыруға жаңа тәсілдер дайындау бойынша тиісті өзгерістер енгізеді.
Батыс Қазақстан облысы бойынша, орта мерзімді фискалдық саясатты іске асыру міндеттері мен негізгі бағыттарын анықтаған кезде, ел экономикасы дамуының 2013-2015 жылдарға арналған көрсеткіштері негізге алынды(8-кесте).
Кесте-8
Қазақстан Республикасының 2013-2015 жылдарға арналған
ақша-кредит көрсеткіштерінің болжамы
Атауы2012ж. бағалауБолжам
2013ж. 2014ж. 2015ж.
Кезең аяғына инфляция , -бен6,0-8,06,0-8,06,0-8,06,0-8,0
8-кестеде бейнеленген көрсеткіштерге тоқталсақ, Батыс Қазақстан облысы бойынша ақша-кредит көрсеткіштерінің болжамы орта мерзімге жалпы Қазақстан Республикасының болжанған параметрлерінен алынған, яғни орта мерзімге инфляция мөлшері 6- 8 анықталған.
Ал келесі кестеде негізгі әлеуметтік индикаторлар, БҚО бойынша орта мерзімге пайымдаулар жасалған.
Кесте-9
Қазақстан Республикасының 2013-2015 жылдарға арналған негізгі әлеуметтік индикаторларының БҚО бойынша болжамы
Атауы2012 жылғы
бағалауБолжам
2013жыл2014 жыл2015жыл
Жалақының ең төменгі мөлшері, теңге17 43918 66019 96623 307
Базалық зейнеткерлік төлемдері мөлшері, теңге8 7209 3309 98313 984
Зейнетақының ең төменгі мөлшері, те
Страницы: << < 93 | 94 | 95 | 96 | 97 > >>