ынастарын өзге қаржы жүйесіне қарағанда кең нысанда бейнелейді.
Ақша-несиелік жоспарлармен, сметалармен, бизнес-жоспарлармен табыстар мен шығынның байланысымен тығыз байланысты.
Мемлекеттік бюджетті құрастыру процесінде макроэкономикалық қаржылық және өндірістік көрсеткіштер нақтыланады, талданады, қосымша табыстар мен пайдаланылмайтын резервтер анықталады. Қаржы жүйесінің барлық топтары кординацияланады.
Мемлекеттік бюджет арқылы шаруашылық субъектілердің қаржы жағдайлары реттеледі, елдің территориясында қаржылық ресурстар қайта бөлінеді, ұдайы өндірістегі қоғамдық өнімнің құрылымындағы өзгерістер қамтылады. Елдің ұлттық табыстың толықтырылуы жәнетұтыну қорларын қалыптастыру тепе-теңдігіне бюджет қатысады.
Мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық табыстың бір бөлігі елдің экономикалық және әлеуметтік бағыттарға бағытталады. Соңғы екі-үш жылда ҚР-ның Президент шешімімен елдің әлеуметтік мұқтажы бюджетті қаржыландыру ұлғайтылды, соның ішінде еңбекақы қоры, зейнетақы, стипендиялар т. б. сонымен қатар мемлекеттік бюджет арқылы елдің ұлттық табысының бір бөлігі салааралық, аймақтық нысанда бөлінеді. Нақты кезеңдегі мемлекеттік бюджет Қазақстан-2050 бағдарламасының тапсырмасын орындап келеді.
Бюджеттерді құрастыру мен атқару олардың нысанды тағайындауына сәйкес болуы үшін кірістердің қайнар көздерін регламентациялауы және бюджеттік қаражаттарды бюджетте қарастырылған шығындар көлемі мен бағыттарына сәйкес жұмсалуы тиіс. Кірістердің қайнар көздері мен бюджеттік ақша бөлу бағыттарын регламенттеу ол бюджет құрастыру мен атқарудың міндетті шарты. Бұл шарт кірістер мен шығындарды топтау арқылы, яғни кірістерді формалар мен түрлері бойынша, ал шығындарды шаралар мен нысанды тағайындауы бойынша біріктіру жолымен іске асырылады. Мұндай кірістер мен шығындарды топта
Страницы: << < 62 | 63 | 64 | 65 | 66 > >>