Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің құрылымын дамыту және жетілдіру жолдары

Страницы: <<  <  61 | 62 | 63 | 64 | 65  >  >>

жеті;
3) аудан бюджеті.
Бюджеттік заңнамаларға сәйкес бюджеттің барлық түрлері мен деңгейлері дербес болып есептеледі. Бюджеттік жүйе құрылымында Төтенше мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қор қарастырылады.
Елдің бюджеттік жүйесінің орталық орнын келесі қаржы жылға Қазақстан Республикасының заңымен бекітілетін республикалық бюджет алады. Жаңа Бюджеттік кодекс бойынша республикалық бюджет салықтық және басқа түсімдер арқылы қалыптасқан және мемлекеттік биліктің орталық органдарының функцияларын қаржымен қамту және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры ретінде анықталған.
Қазақстан Республикасында бюджет жүйесінің бірінші деңгейі болып республикалық бюджет табылады. Республикалық бюджетте анағұрлым ақша қаражаттарын орталықтандыру мемлекеттің тиімді қаржы саясатын іске асыру қажеттілігімен түсіндіріледі.
Анықтама бойынша республикалық бюджет өз алдында Бюджеттік кодексте бекітілген салықтық және басқа түсімдер арқылы қалыптасатын орталықтандырылған ақша қорын қүрайды.
Республикалық бюджеттің мазмұны оның құрамындағы ерекше экономикалық формалар болуымен шарттанады, яғни кірістер және шығындар. Осы формалар арқылы ақша қүралдарының орталықтырылған қорын қалыптастыру мен пайдалануы іске асырылады. Кірістер мен шығындардың қүрамы мен қүрылымы мемлекеттің нақты әлеуметтік-экономикалық шартта жүргізіп жатқан орта мерзімді фискалдық саясатты іске асыру бағыттарына сәйкес. Кірістерді қалыптастыру мен бюджеттік құралдарды жұмсау формалары мен әдістері де осыған сәйкес болуы тиіс.
Мемлекеттік бюджет өзге қаржы жоспарларынан төмендегідей факторлармен ажыратылады:
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық шешуші даму бағытында қоғамдық өнімнің құндық бөлігінің қозғалысы бөлінетін сала қат

Страницы: <<  <  61 | 62 | 63 | 64 | 65  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: