стыру бюджеттік жіктеу деп аталады. 23
Бюджеттік жіктеудің негізі болып әлеуметті-экономикалық, ведомствалық және аумақтық белгілері бойынша кірістердің қалыптастыру мен құжаттардың жұмсалатын бағыттары және олардың құрамы мен құрылымын көрсететін көрсеткіштер топтауы табылады. Бюджеттің кірістері мен шығындарының, оның тапшылығын өтейтін кайнар көздерінің мұндай топтастыруы бюджетті құрастыру мен атқаруда пайдаланады, барлық деңгейдегі бюджеттер көрсеткіштерінің салыстырмалығын қамтамасыз етеді және бюджеттік процеске ақпараттық технологиялар енгізуге мүмкіндік береді.
Біздің елдің қаржыларын басқару бас органдары ретінде Экономика және бюджеттік жоспарлау мен Қаржы министрліктері тағайындалған. Олар өз іс-әрекеттерін ҚР Конституциясы мен заңдарына, ҚР Президенті мен Үкіметтің актілеріне, басқа да нормативті құқықтық актілер мен тиісті министрліктер жөніндегі Ережелерге сәйкес атқарады.
Мемлекеттің барлық шығыстары негізінде мемлекеттік бюджетте шоғырланған құралдар арқылы қаржыландырады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган болып Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі табылады. Бюджеттік кодекске сәйкес бұл министрлігі республикалық бюджетті атқаруын қамтамасыз етеді және жергілікті бюджеттер атқаруына байланысты іс-әрекетті іске асырады.
Бюджетті атқару кассалық негізде және бюджет атқару принциптерінің талаптарына сәйкес іске асырылады. Бюджеті кассалық атқару, ол бюджетке түсімдерді есепке алу мен бюджеттен төлемдер төлеу жөніндегі есеп-шоттағы барлық операциялар Қазынашылық комитет немесе уәкілетті банк арқылы жүреді.
Қаржыны басқару бюджет механизмі арқылы жүзеге асырылады. Бюджеттік механизм мемлекетпен талданып жасалған бюджеттік қарым-қатынастың ұйымдастыру нысаны және қаржылық ресурстарды қоғамдық іс-әрекеттер,
Страницы: << < 63 | 64 | 65 | 66 | 67 > >>