Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің құрылымын дамыту және жетілдіру жолдары

Страницы: <<  <  60 | 61 | 62 | 63 | 64  >  >>

атынас болып табылады. Бұндай қаржылық қарым-қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің қатысуымен болатын қүндылық бөлу процесінде орын алуы, екіншіден, жалпы мемлекеттік функцияларды атқаруға арналған орталықтандырылған ақша қаражаттар қорын калыптастыру мен пайдалануына байланысты. Осындай барлық қаржылық қарым-қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экономикалық мазмұнын құрайды.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке келесідей түсінік берілген: «Бюджет-ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры». Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар, материалдық негізі - орталықтандырылған қор, экономикалық негізі - жалпы экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсенділігі - заң.
Мемлекеттік бюджеттін мақсаты экономикалық басқару құралы ретінде қарастырып, оның мәні мен ролін анықтайды. 4,5
Бюджеттің мәні мен ролі оның экономикалық құрал ретіндегі ерекшілігімен дәлелденеді, яғни ол қоғамдық өнім бөлу саласының кең пайдаланатын құндық қүралы болып табылады.
Экономиканың дамуына байланысты оны басқару қүралы ретінде бюджеттік бақылаудың мәні ұлғаяды. Қоғамдық өндірістің ауқымы неғұрлым ірі болса, соғұрлым экономиканың өсу қарқыны жоғары, сондықтан ақша қаражаттарын уақытында қалыптастыру мен тиімді пайдалану процестерін бақылау өте маңызды.
Бюджеттің ролі экономиканы ынталандырушы есебінде арнайы бюджеттік механизм арқылы іске асырылады.
2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында күшіне енгізілген жаңа Бюджеттік кодекстің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйе қүрамына келесі бюджет түрлері мен деңгейлері кіргізілген:
1) республикалық бюджеті;
2) облыстық бюджеті, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюд

Страницы: <<  <  60 | 61 | 62 | 63 | 64  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: