Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің құрылымын дамыту және жетілдіру жолдары

Страницы: <<  <  107 | 108 | 109 | 110 | 111  >  >>

Өндіріс және жаңа технологиялар саласындағы салық салу объектілері үшін қолайлы салық режімін енгізу қажет. Қазір бұл жұмыс басталды. Оны жетілдіру мақсатын қоямын. Барлық қолданыстағы салық жеңілдіктеріне ревизия жүргізіп, оларды мейілінше тиімді ету керек;
- Біз салық әкімшілігін ырықтандыру және кеден әкімшілігін жүйелендіру саясатын жалғастыруға тиіспіз. Салық есептілігін жеңілдетіп әрі мейлінше азайту қажет. Біз нарық қатысушыларын салықтан жалтару жолдарын іздеуге емес, бәсекелестікке ынталандыруымыз қажет;
- Салықтық қадағалауды прагматикалық азайту шаруашылық субъектілерінің салық қызметімен диалогын азайтуға тиіс. Алдағыбес жылдабәріміз онлайн-электрондық есептілік режіміне көшуіміз керек;
- 2020жылдан бастап біз салықтық несиелендіру практикасын енгізуіміз керек. Басты міндет - кәсіпкерлердің инвестициялық белсенділігін ынталандыру;
- Жаңа салық саясатыәлеуметтік бағыталуға тиіс. Бұл үшін2015жылдан бастап ынталандыру шаралары кешенін, соның ішінде білім беруге, өзін, өз отбасын, қызметкерлерін медициналық сақтандыруға қаражат салатын азаматтар мен компанияларды салықтан босату практикасын көздейтін ынталандыру кешенін әзірлеу қажет.
Ақша-кредит саясатының тапсырмалары мыналар болып табылады:
- Әлемдік экономикадағы қолайсыз ахуалдыескере отырып, бізинфляцияданәрбір қазақстандықтың кірістерін қорғауды қамтамасыз ететін және экономикалық өсім үшін лайықты деңгейін ұстап тұратын боламыз. Бұл жай ғана макроэкономикалық мәселе емес, бұл елдің әлеуметтік қауіпсіздігінің мәселесі. Және де бұл - 2013 жылдың өзінен бастап Ұлттық Банк пен Үкімет жұмысының басты мәселесі болып табылады;
- Қазақстандық банктер өз кезегінде өзінің мақсатын орындауға және нақты экономика секторының кредиттік ресурстарға деген қажеттілігін қамтамасыз етуге тиі

Страницы: <<  <  107 | 108 | 109 | 110 | 111  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: