ң әрқайсымыз «2030 Стратегиясы іске асты, заманауи Қазақстан орнықты»деп айта аламыз. Бұл-біздің бірлігіміздің, табанды да қажырлы еңбегіміздің нәтижесі, ұмтылыстарымыз бен үміттеріміздің жанды көрінісі. Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің құрылымының стратегиялық даму мәселелерін «Қазақстан-2030» бағдарламасының жетістіктеріне талдаулар жасалды.
3. 2 ҚР қаржы жүйесінің орта мерзімді перспективада құрылымдық өзгерісінің басымдықтары
Қазақстан Республикасының перспекстивада даму жолдары «Қазақстан-2050» бағдарламасында көрсетілді. 2050 жылға дейін кезең-кезеңмен мынадай міндеттерді шешу принциптері маңызды деп табылды. Біріншіден, мемлекеттің макроэкономикалық саясаты жаңғыртылуы тиіс.
Бюджет саясаты саясатының алдындағы негізгі тапсырмалар төмендегідей:
- Біз бюджет саясатының жаңа принциптерімен қарулануға - өз мүмкіндіктеріміз шегінде ғана шығындануға және тапшылықты барынша мүмкіндікте қысқартуға тиіспіз. Ұзақ мерзімде олардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, «қиын-қыстау» күнге резервтер жинау қажет;
-Бюджеттік-қаржылық процеске деген көзқарас жекелей салымдарға көзқарас секілді ұқыпты да ойластырылған болуға тиіс. Басқаша айтқанда, бірде-бір бюджеттік теңге ысырап болмауға тиіс;
- Мемлекет бюджеті ұзақ мерзімді перспектива тұрғысынан қарағанда өнімді, мәселен, экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымды дамыту секілді жалпыұлттық жобаларға бағытталуы тиіс;
- Инвестициялар үшін объектілерді олардың мақсаттылығы және қайтарымдылығы тұрғысынан қатаң іріктеу қажет. Ең заманауи объектілердің өзі оларды ұстап тұру үшін шығыстарды талап етіп, бірақ кірістер әкелмейтін болса және ел азаматтарының проблемаларын шешпейтін болса, бюджетке масыл боларын есте сақтаған жөн.
Салық саясаты негізгі тапсырмалары төмендегідей:
-
Страницы: << < 106 | 107 | 108 | 109 | 110 > >>