емлекеттік шығыстардың және Ұлттық қордың активтерін тиімді басқаруда қалыпты-қатаң саясат жүргізу; мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі міндеттерін шешуге бюджет қаражатын тиімді жұмсауды қамтамасыз ету.
Макроэкономикалық тұрақтылық пен бюджет жүйесінің орнықтылығын қолдау үшін 2012-2015 жылдары бюджет саясатының негізгі бағыттары мыналар болады: экономика өсімінің номиналды қарқынынан аспайтын мемлекеттік бюджет шығыстары өсімінің номиналды қарқынын қамтамасыз ету; бюджеттің мұнай емес тапшылығын бірте-бірте төмендету; Ұлттық қордың активтерін басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған оның қаражатын қалыптастыру мен пайдалану тетігін жетілдіру.
Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын тиімді шешуге арналған бюджет шығыстарын бағдарлау үшін мыналар көзделеді: стратегиялық, орта мерзімді және бюджеттік жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттерін ықпалдастыру; бюджетті жоспарлау және атқару процесін бюджеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелілігіне, тиімсіз шығындарды қысқартуға бағдарлау; бюджетті қалыптастыру мен атқару процесінің ашықтығын қамтамасыз ету; бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттік тәртіпті сақтау бойынша қойылатын талаптарды күшейтуболып табылады.
«Бюджеттік процестерді жетілдіруге бағытталған шараларды іске асыру үшін», "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау көзделеді. Жүргізілген шаралардың нәтижесінде мыналарға қол жеткізіледі: бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне көбірек дербестік беру және олардың іске асырылатын бағдарламалардың түпкі нәтижелеріне
Страницы: << < 109 | 110 | 111 | 112 | 113 > >>