Қазақ тілі сабақтарында диалогтік оқытуды тиімді пайдалану

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

арым - қатынас жасау арқылы ойлау қабілеттері де, ауызекі сөйлеу тілі де біршама жақсарды. Өзара талқылау арқылы, ойларын жетілдіріп, бір - бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетті.

"Домино" ойыны

Диалогтік оқыту барысында бір ортақ проблема беріліп, сол бойынша бірлескен түсінік қалыптасады. Сабақтарымда әсіресе зерттеушілік әңгімелесу басым. Оқушыларым кез келген тақырыпты ортаға салып, өзара талдап бір шешімге келеді.


Постер құру кезі.


Мәтінді талқылау кезі

Осы сияқты әңгімелесу түрлерін әр сабақта қолданамын. Оқушылар диалог арқылы талқылауға, білімді бірлесіп құруға, түсінуге, бірін-бірі тыңдай білуге, өз ойын жеткізе білуге үйренуде. Сұхбаттасу арқылы оқушылар өз ойларын дәлелдеуге тырысады. Диалогтік оқыту оқушылардың білімдері қандай деңгейде екенін түсінуге көмектеседі. Диалогтік тәсілдің оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына көмектесетінін түсіндім. Әсіресе, рөлдік ойын көрсеткенде оқушылар сабаққа белсенді қатысатын болды. Оқушылардың рөлдік ойынды дайындау кезінде қызығушылықтары байқалады. Оқушыларға еркіндік беріледі, сондықтан олар бар ынтасын салып тақырыпты аша біледі.

Р
Рөлдік ойын "Дүкенде"

Ал, мен болсам рөлдік ойын көрсеткен кезде оқушыларға бағыт-бағдар беріп, оқушыларды мадақтап, қолау көрсетіп отырамын.

Диалогты оқыту модулін іске асыру үшін әр түрлі сұрақтарды пайдаландым. Оқушының білім алуын қолдану үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады.
Сұрақ қою арқылы мұғалім:
- оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;
- оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;
- білімге құ

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: