Қазақ тілі сабақтарында диалогтік оқытуды тиімді пайдалану

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

"Ақсу қаласы, Мәмәит Омаров атындағы селолық округінің
Еңбек ауылының орта мектебі" КММ-і










БАЯНДАМА



Тақырыбы: Қазақ тілі сабақтарында диалогтік оқытуды
тиімді пайдалану.



Орындаған: Рахимбаева Рысжан Оралбековна
орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі


















2015 жыл
Мемлекеттік тілі оқытуда диалогтік оқытуды қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениеті қалыптасады, ойлау қабілеті дамиды, білім сапасының артуына қол жеткізуге болады, соның нәтижесінде, оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығы артады. Диалогтік оқытуда бүкіл оқушылар куә болғандықтан, бала өз сөзіне жауапкершілікпен қарауға тырысады. Оқытылатын мәселе есінде ерекше сақталады. Тілдік дағдылары жетіліп, тез меңгеруіне ықпал етеді. Диалогтік оқыту арқылы, оқыту да жеңіл болады. Диалогтік әңгімеде мұғалім сұрақтары мен оларға берілген жауаптары, сонымен бірге оқушылардың да жауаптары маңызды. Мұғалім оқушылардың өз ойларын анық жеткізуге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұғалім , әсіресе қазақ тілді емес сыныпта мемлекеттік тілді үйретуде оқушылардың тақырыпты түсінгенін немесе түсінбегенін анықтау үшін , ауызекі сөйлеу тілін дамыту үшін де әр сабақта қолдануы абзал. Диалогтік сұхбаттасу мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де тиімді оқыту болып табылады.
Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың да берері мол. Диалог - сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас амандасудан басталады. Мұғалім сабаққа кіргеннен оқушылармен диалогта болады. Оқушыларға белгілі бір тақырыпта тапсырмалар бер

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: