Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы

Страницы: <<  <  20 | 21 | 22 | 23 | 24  >  >>

ел Еуразияның орталығында орналасқан. «Қазақстан -2030» бағдарламасында белгіленген міндеттердің бәріне бірдей қол жете қоймас, сонда да қазақстандықтарға оны жүзеге асыруға сенімді беталыс керек.
Тест.
Салалас құрмалас сөйлем түрлері
1. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемді табыңыз. А) Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде, бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. В) Өлең, жыр- қазақтардың жан серігі. С) Осылар арасынан шыққан Базаралы болса, ол әрі сымбатты, әрі шешен жүйрік. Д) Бұл қазақ нені бастан кешпеді, қазақ болғалы. Е) Байлық пен бақ – сенімді серігің, балаң – артыңда қалған ізің.
2. Себеп-салдар салаласты табыңыз. А) Молда маған орын нұсқаған соң, Оразәлі мен оның қасындағы бала араларын аша берді.
В) Байжекең суырдың інін тереңдетіп қазып көрсе, ар жағы сіресіп жатқан тас көмір екен. С) Жел дауылды шақырады, бұлт жауынды шақырады. Д) Жаманменен дос болсаң, сыртыңнан жүрер өсектеп. Е) Байқағам жоқ, сондықтан кінәлі емен.
3. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді табыңыз. А) Таным-түсініктің дұрыс қалыптасуы – мәдениеттіліктің кепілі. В) Ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: әуелі- ел басы, топ басы деген кісілер болады екен, екіншісі- намысқор келеді екен. С) Кітап оқудан тыйылған адам ойлаудан да тыйылады.
26
Д) Ер деп атақ кім берер, алмас семсер асынбай. Е) Одан әрі олар сөйлескен жоқ: әңгімеге уақытта қалмады.
4. Қазақ тілінде құрмалас сөйлемнің неше түрі бар. А) 3 В)5 С)6 Д)2 Е) 7.
5. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем қандай шылаулар арқылы жасалады? А) сол, сондықтан, соншама; В) бірақ, алайда, дегенмен; С) да, де, та, те, және, әрі; Д) бірде, біресе, кейде; Е) не, немесе, әлде, я;
6. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді табыңыз. А) Үйде оны бәрі де тама

Страницы: <<  <  20 | 21 | 22 | 23 | 24  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: