Менің сүйікті спортшым - конспект для урока

 
  • Рубрика:
  • Формат: rar
  • Просмотров: 166
  • Скачиваний: 2

Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті спортшым
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушылардың сөздік қорын байыту, сауатты жазу, мәдениетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық:
Танымдарын кеңейтіп, ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: белгілі спортшылардың өмірі мен жетістіктерінен үлгі ала отырып, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, жеке жұптық жұмыс, сұхбаттасу, мәтінмен жұмыс.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Спорт түрлері: футбол, бокс, күрес, волейбол, баскетбол, шаңғы спорты, жеңіл атлетика (тірек – сызба бойынша)
2. Сұрақтарға жауап беру:
1) Әлемде жанкүйері ең көп спорт түрі қайсы? (футбол)
2) Барлық спорт түрлері ойналатын халықаралық жарыс қалай аталады? (Олимпиада)
3) 1980 жылы олимпиада қай қалада өтті? (Мәскеу)
4) 2010 жылы Қазақстанда қандай халықаралық жарыс өтті? (Азияда)
5) Алматыда 1697 метр биіктікке салынған мұз айдыны қалай аталады? (Медеу)
6) 2012 жылы Олимпиада қайда болған? (Англияда)
7) Бұл олимпиадада қандай спортшылар алтын медалін жеңіп алған? (Илья Ильин, Серік Сапиев, Мая Манеза, Александр Винокуров, Татьяна Подопедова, Ольга Рыпакова, Зульфия Шиншалло).

Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: