ді қолмен септі. Піскен астықты қол орақпен орды. Малы жоқ, егіншілікпен айналысатын кедейлер жатақтар деп аталды.
Қазақ халқының қолөнері.
Қазақ халқы тұрмыс-тіршілігіне қажетті барлық бұйымдарды өздері жасады. Үйішілік, ұсталық, зергерлік, өрімшілік, көншілік, тігіншілік, етікшілік, т. б. Қолөнер кәсіптері дамыған. Қазақ халқының ішінде зергерлік іс те жоғары бағаланды. Кейбір алтындап, қымбат тастармен әшекейлеп жасалған сәукелелердің құны бір үйір жылқымен бағаланған.
Қалалардың жағдайы, олардың тоқырау себебі.
XVI-XVII ғасырларда Оңтүстік Қазақстан қалалары толық қазақтардың қолына өтті. Қалалар Ұлы Жібек жолының бойына орналасқан:олар Тараз, Сығанаң, Сауран, Сайрам, Отырар, Түркістан, Сығанақ, т. б. XVII ғасырдан бастап, бұл қалалар әлсірей бастады. Себептері: жоңғар-қалмақ шапқыншылығы, қазақ-өзбек хандарының бұл қалалар үшін ұзақ жылдар бойы соғысуы, Ұлы Жібек жолының сауда жасау қуатының әлсіреуі. Қалалар біртіндеп құлдырай бастады.
Жаңа сабақты бекіту:
1 тапсырма. Тест
1. Маусымды көші- қон қанша мезгілге бөлінеді
А)2 В)3 С)4 Д)5
2. Егіншілікпен айналысатын малы жоқ кедейлер
А)жатақ В)қараша С)егіншілер Д)төлеңгіт
3. 16 ғасырдың соңындағы Қазақ хандығының астанасы
А)Сығанақ В)Сайрам С) Сауран Д)Түркістан
4. Қазақ халқының ұлттық негізі қаланған қала
А) Сарайшық В)Сығанақ С)Түркістан Д) Сайрам
5. ХІІІ ғасырда қыпшақтардың орталығы болған қала
А. Сайрам В) Сығанақ С) Сауран Д) Тараз
ІІ тапсырма "Кім шапшаң?"
1. ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда Қазақ хандығындағы шаруашылықтың басты саласы?
2. Маусымды көші- қон неше мезгілге бөлінеді?
3. Қазақтар қыстауларында қанша мезгіл қыстаған?
4. Қыста мал бағатын қазақ ауылдары үшін ең қауіпітісі?
5. М
Страницы: << < 19 | 20 | 21 | 22 > >>