. Мұндай жерлер тұрғындарды отын,судан тарықтырмайды,малға жайлы келеді. Қысқы көш үшін ықтасын жерлерді таңдап алу,малды,жанды қыстан аман алып шығудың кепілі болған. Қыста мал бағатын ауылдар үшін ең қауіптісі жұт болған. Жұт жем-шөптің таусылып,қар қалың түсіп,жер бетін мұз басып қалғаннан болады. Малға түрлі жұқпалы аурулар тиеді.
Көктеу.
Көктеуде мал төлдетеді,жүн қырқылады. Қыстан қалған мал - жанның амандығын тілеп,қыстаудан көшкенде әр жерге от жағып,түтіндеткен. Жас төлге арнап жеркепелер салған. Қыстау мен көктеудің арасы 20-25 шақырымнан аспаған. Қазақтар көктеуде екі ай тұрған. Жас төлдер өсіп,жетілген соң , көктеуден жайлауға көшкен.
Жайлау.
Жайлау мен көктеудің арасы оңтүстік аудандарда 100-150шақырым,солтүстік - батыста 500-1000 шақырым болды. Жайлауға көшудің басты мақсаты малдың қоңын көтеру,яғни малды семірту. Егер мал жайлаудан семіріп қайтса,ол қыстан аман шығады. Қазақ халқы жайлауда қыз ұзатып,келін түсірген,балаларды сүндетке отырғызып,той жасаған.
Күзеу.
Қазақ халқы күздеуде қойдың күзем жүнін қырқыған, киіз басып, киіз үйге қажетті бұйымдар дайындаған. Күзгі көште ауылдар топтасып, бірінің соңынан бірі қаздай тізіліп қозғалған. Күзгі көштің жүгін жаздай даярлаған азық-түліктері, киіз-төсеніштері, үй жабдықтары ауырлата түскен. Қар жауып, өзен мен көлдің бетіне мұз қата бастаған мезгілде қазақтар қыстауға аман жетудің қамына кіріседі.
Қазақтың егін шаруашылығы.
Жетісу аймағы мен Оңтүстік Қазақстанда суармалы егін шаруашылығы гүлденді. Егін шаруашылығында жер суғаратын арта,шығыр ,жер жыртатын соқа,бидай суыратын ағаш күрек пайдаланылды. Көптеген арық-тоғандардың іздері кездеседі. Қазақ егіншілері бидай,арпа,тары,сұлы,күріш пен жүгері екті. Егін егетін жерді атпен,өгізбен,түйемен жыртты. Қазақтар дән
Страницы: << < 18 | 19 | 20 | 21 | 22 > >>