Қазақ хандығының құрылуы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақ - 35. Тақырыбы: 35. Қазақ хандығының құрылуы
Мақсаты:
Білімділік: Қазақ хандығының негізін салушы Жәнібек пен Керей хандар туралы мәліметтер бере отырып, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің алғашқы аумағы, этникалық құрылымы туралы мәлімет беру;
Дамытушылық: Жас буынның ата тарихын терең оқып білуге деген қажеттіліктерін қалыптастыру, шығармашылық ізденісін ұщтау арқылы ой қорыту машықтарын дамыту;
Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалауға патриотизмге, өз Отанын ,елін-жерін қорғауға тәрбиелеу.
Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, тірек - сызбалар, кестемен жұмыс.
Сабақ көрнекілігі: оқулық, карта, сызба, суреттер, электронды оқулық, видео материал
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
34. Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары
І тапсырма. Кестемен түсіндір: Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғы шарттары.

ІІ тапсырма. Сыйқырлы таяқша. Кім тапқыр?
1. XVғ басында қазақ жерінің батысында өмір сүрген мемлекет? (Ноғай рдасы)
2. Жетісу аймағында өмір сүрген мемлекетті ата? (Моғол хандығы)
3. Әбілхайыр хан Ақ Орданың билігін қолына алу үшін күрес жүргізген уақыт: (20жыл)
4. Қазақстандағы ру-тайпалардың негізгі этникалық құрамы топтасқан аймақтар саны және оларды ата? 3 аймақ, олар: Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу және Оңтүстік Қазақстанның Түркістан аумағы
5. XVғ. өмір сүрген ру-тайпалардың ішіндегі ең күшті саны жағынан көбіде қазақтар деп атаған кім? Ф. Ибн Рузбихан
6. Қазақстанның қай аймақтарында қалалық отырықшы шаруашылық өркендеді? Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағы
7. Қазақ хандығының негізін салушылар Керей

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: