Қазақ әдебиеті сабағындағы құзіреттілік ұғымы

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>

атым Қожа" шығармасын немесе басқа да көркем шығармаларды оқу барысында кейіпкерлерінің іс-әрекеттеріне өз бағаңызды беріңіз;

- Экология тақырыбында берілген шығармалар бойынша оқушының өз ойын тыңдай отырып, " Қазіргі экологиялық мәселелерді қалай шешуге болады?" деген тақырыпта сұхбат жүргізіңіз;

- Топтық жұмыс. Әр топ өзіне ұнаған кейіпкерінің отбасына, Отанына әкелетін жақсылықтары мен зияндықтарын атап, оларға сипаттама береді. Зияндықтарды болдырмаудың себептерін анықтаңыз және т. б;

3. Ақпараттық құзыреттілік бойынша тапсырмалар:

- Шығарманы оқып шығып, жалпы идеясын анықтаңыз;

- Берілген шығарма бойынша жоспар ( жай, күрделі) құрыңыз;

- Баспасөз беттерінен осы автор туралы мәлімет жинаңыз.

- Сол автордың шығармашылығы бойынша тезис дайындаңыз;

- Көркем шығармада берілген аймақты сипаттаңыз;

4. Мәдени-танымдық құзыреттілік бойынша тапсырмалар:

- Шығармадан қазақ халқына тән туыстық атауларға байланысты этнолингвистикалық сөздерді теріп, жазып, сөздік құрастырыңыз;
- Белгілі бір тақырып бойынша аңыз, ертегілерді жинақтап, жобалар жасаңыз;
- Шығармада кездесетін ұлттық тағамдар атауларын атаңыз және олардың адам денсаулығына пайдасын дәлелдеңіз;
- Шығарманы оқу барысында қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы өз ойыңызды айтыңыз. Басқа топтағы оқушылармен қазіргі салт-дәстүрлер туралы сұхбат жүргізіп, диктафонға жазыңыз және сараптама жасаңыз;
Оқушыларды іздендіру үшін сұрақ қоя білуге үйрету арқылы оның саналы ойлауы, жан-жақтылығы, білімі мен біліктілігі қалыптасады. Сонымен қатар, жоспарлы түрде жұмыс істеуге машықтану үшін мәтін бойынша жоспар құру әдетін қолдануға болады. Нәтижесінде оқушы мәтін бөлімдеріне қысқаша тұжырымдама жасап, әрбір

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: