Әдебиет сабағында оқушының тілдік құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында жиі қолданылып жүрген " Оқырман семинары" тәсілі бойынша сызба түрінде талдау жасалды. Сабақта меңгерілетін көркем шығарма мынадай топтардың көмегімен жүзеге асады:
1. Сұрақ қоюшылар. Сұрақтар қою арқылы оқушы өз бетімен шығармашылық қабілетін дамытады.
2. Сөз тапқыштар. Қойылған сұрақтарға нақты, дәлелді жауап беру үшін өз бетінше ізденеді, дағыдыланады.
3. Аудармашылар. Мәтін бойынша түсініксіз сөздер тізбегін жасайды, тұрақты тіркестерді анықтап жазады.
4. Жазушылар. Поэзиялық шығарма болған жағдайда прозаға айналдырып жазады, мәтін бойынша жоспар құрады.
5. Суретшілер. Мәтін кейіпкерлерінен, белгілі бір эпизодтарынан сурет салады.
6. Кейіпкерлерді сөзбен суреттеушілер. Кейіпкердің, оқиғаның, мәселенің суретін сөзбен салады.
Қазақ әдебиеті сабағында студенттердің құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды 4 бағытқа бөліп дайындайды:
- Қатысымдық құзыреттілік
- Ақпараттық құзыреттілік
- Мәдени-танымдық құзыреттілік
- Мәселенің шешімін табу құзыреттілігі
Қатысымдық құзыреттілік бойынша тапсырмалар:
- Отбасы тақырыбында жазылған шығарма беріледі. Берілген шығармадан қазақ халқына тән туыстық қарым-қатынастағы ерекшеліктерді сипаттаңыз;
- Жақын арада сіз оқыған шығармаңыздан өзіңізге қатарлас баланың сол шығарманың басты кейіпкері болғанын білдіңіз. Оның сізден немесе сыныптас достарыңыздан қандай айырмашылығы бар немесе қандай ұқсас жақтары бар. Соны сараптап айтып беріңіз.
- Шығармада кездесетін әндерді қазіргі кездегі әндермен салыстыра отырып, өз ойыңызды айтыңыз;
2. Мәселенің шешімін табу құзыреттілігі бойынша тапсырмалар:
- "Менің
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>