Қазақ әдебиеті сабағындағы құзіреттілік ұғымы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ғарманы дүниетанымдық, әлеуметтік, тәрбиелік бірлікте қарастырудың мәні артады, әдебиетті ұлттық құндылық ретінде оқыту қажеттілігі туындайды.
Сөз өнерінің негізінде студенттің дербес шығармалық қабілетін, ұшқыр, шешен сөйлеу шеберлігін дамыту үшін әдеби білім мазмұны көркемдік сипатқа құрылып, оқушы біліктілігін арттыруға негіз болады, сол себепті нәтижеге бағытталған білім моделі бойынша әр пәннен берілетін білім мазмұны мектептің барлық сатыларында нақты көрініс тауып, оқушылардың білімдік құзыреттілікті меңгеруін қадағалайды. Құзыреттілік ұғымы - оқушының белгілі бір кешенді іс-әрекетті орындай алу қабілетін жетілдіруге бағыттала отырып, оқыту жүйесіне қызмет етеді.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында бала бойында жалпы білім дағдысы мен білігін қалыптастыру мәселесі қаралады. Жалпы оқудың білігі мен дағдысын жан-жақты қалыптастырудың маңызы зор екені белгілі. Оқушы бойында білім негіздерін қалыптастыру үшін оның біліктілігін, дағдысын тұрақтандырып, белгілі арнаға түсірмейінше, нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.
Оқушы белгілі мәліметті қабылдаушы ғана емес, сонымен бірге терең ой иесі. Ол дербес ойланып, дәлелдер келтіруіне сабақ барысында түрлі әдістер арқылы қолайлы жағдай жасауға тырысамын. Айталық, "Атаулар көмегімен болжау жасау", " Елеспен жетелеу", стратегиялары оқушының шығармашылық қабілетін ұштауға өте тиімді. " Ой қозғау", "Болжау" әдістерін оқушының ой ұшқырлығын бақылауда, стандартты емес шешім жасауда тиімді пайдалану жөн.


Сабақта интерактивті әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жететін нәтижелер мынадай: оқушының білім деңгейі түсінуден басталады да алған білімін қолданып, қорытындылауға дейін жоғарылайды. Қабылдаған жаңа ақпаратты саралап, мәселені өзі шеше алуға мүмкіндік болады.

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: