Ақыл-жастан,асыл-тастан

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Пән: Өзін өзі тану
Тақырыбы: Ақыл-жастан,асыл-тастан.
Мақсаты: Балалардың «даналық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-ақылдың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
-ақылын өмірде қолдана білу іскерліктерін дамыту;
-бабалар дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар : слайд , дәптер, оқулық, «Даналық кітабы».
Сабақ барысы:
Шаттық шеңбері (2 минут) Слайд 5
Мұғалім балалармен бірге шеңбер құрып тұрады, барлығы бір-бірімен сәлемдесіп тұрады:
-Қайырлы күн, балалар!
- Қайырлы күн, достарым!
-Мен сендерді көргеніме қуаныштымын!
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
Балалар орындарына жайғасады.
Тыныштық сәті (Күй ойнайды) (1 минут) слайд 6
Кеудемізді тік ұстап,аяғымызды айқастырмай қолымызды тіземіздің үстіне еркін қойып, денемізді босатып,көзімізді жұмып жағымды әуен сазымен тамаша ойға берілеміз.
Нұрлы аспаннан күлімдеген күннің жылы шуағы сіздің жан дүниеңізді жылытып, жүрегіңізге шуақ шашп тұр. Күннің нұры қоға барды, қолдарыныздың саусақтарына ыстық сезім ұялатты, қолдарыңнан шығып денеңді аралап кетті. Нұр шуағы көзіңізге барды. Көздеріңіз тек жақсылықты көруде, көзден шыққан нұр шуағы түйсікке барады, түйсікте жағымды ойлар түзейді. Күннің нұры Қалбатау ауылын аралап жүр,барлық адамдарға жылылық сыйлауда. Күннің нұры өзіңізге оралды. Сіз күн нұрындасыз. Сіз нұр сәулесіз!
ІІ. Үйге тапсырманы тексеру. (3 минут) Слайд 7
«Өнерлі бала сүйкімді» эссе жазу
Өнер туралы мақал мәтел айту.
3. Әңгімелесу. слайд 8
Сөзжұмбақ шешеміз (3 минут)
1. Шаңырақ сәні – . . . (сыйластық)
2. . . . . . . . сөз – жан жылытар. (жақсы)
3. . . . .

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: