Сабақтың тақырыбы: Аялдамалық пункттар және оларды орналастыру
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Жолаушыларға арналған ғимараттар туралы мәлімет беру. Аялдамалық пункттардың орналасуына қойылатын талаптар жайында білімдерін толықтыру.
2. Тәрбиелік: Мамандық және пән бойынша білімдерін толықтыру арқылы, оқушылардың қызығушылығын арттыру. Білікті мамандар даярлау үшін жан-жақты тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше жұмысын жетілдіру, топпен жұмыстануға үйрету, дұрыс шешім қабылдауға дағдыларын қалыптастыру. Күнделікті өмірдегі жағдайларға талдау жасауға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Теориялық
Оқытудың әдістері мен әдістемелік амалдары: Түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау
Көрнекі оқу құралдары мен техникалық құралдар:мультимедиялық проектор
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: Аудитория тазалығын тексеріп, оқушыларды кіргізу. Журнал бойынша сабақта жоқ оқушыларды тексеріп, журналға түсіру.
ІІ. Өткен тақырыптарды тексеру:
1. Маршрут ашылмас бұрын алдымен қандай жұмыстар атқарылады?
2. Маршрут трассасын қандай құрамдағы комиссия қарайды?
3. Комиссия қандай шешім мен ұсыныстар береді?
4. Маршрут құжаты неше данада толтырылады?
5. Маршрут құжатында қандай мәліметтер жазылады?
6. Аялдамалар көрсеткіштері қандай өлшемде болу керек?
7. Маршруттың соңғы және бастапқы аялдамаларында не дайындалады
8. Аралық аялдамаларда қандай дайындық болуы тиіс?
9. Маршрут құжатында маршрут түрі қандай белгімен беріледі?
10. Маршруттың жолы неге байланысты анықталады?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Жоспар:
1. Аялдамалық пункттардың қызметіне қарай бөлінуі
2. Аялдамалық пункттардың пайдаланылуына қарай бөлінуі
Автокөлікпен жолаушы тасымалдауда жолаушыларға арналған әртүрлі ғимаратта
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>