наластыру керек болса, жіңішке көшелердегі қарама-қарсы бағыттағы аялдамалар ара-қашықтығы бір-бірінен 25-30 метрден кем болмау керек. Бұл шарт осы көшеден өтетін жолаушы автомобиль көлігінен басқа көліктердің қозғалысы тоқталыссыз болуы үшін қажет.
Қазіргі күнгі аялдамалық пункттар
Пайдалану сипатына қарай аялдамалық пункттар күнделікті (тұрақты), уақытша, сұрау бойынша болып бөлінеді.
Күнделікті аялдамалық пункттар маршрут бойындағы тұрақты жолаушы ағымы бар жерлерде орналастырылады. Мұндай аялдамаларда автобустар барлық уақытта тоқтап өтуге міндетті.
Уақытша аялдамалар тәуліктің кейбір уақытында немесе жылдың кейбір мезгілдерінде жолаушы ағымның шамасына қарай орналастырылады. Мысалға, таңертеңгі мезгілде балалар мекемелерінің, оқу орындары немесе ірі кәсіпорындар маңында, жаз айларында жағажайлар мен парктер, саяжайлар маңында т. б. жерлерде орналастырылады.
Сұрау бойынша аялдамалық пункттарды жолаушы ағымы тұрақты емес жерлерге қояды. Мұндай аялдамаларда автобустар жолаушылардың сұрауы бойынша тоқтайды. (Мысал келтіру)
ІV. Тақырыпты бекіту
Бекіту сұрақтары:
1. Қарапайым жолаушыларға арналған жолдық ғимараттарға не жатады?
2. Аялдамалық пункттар қызметіне байланысты қандай түрлерге бөлінеді?
3. Бастапқы және соңғы аялдамалық пункттар қандай қызметтер атқарады
4. Аралық аялдамалық пункттар не үшін қажет?
5. Аралық аялдамалық пункттарға қандай талаптар қойылады?
6. Пайдалану сипатына қарай аялдамалық пункттар қандай түрлерге бөлінеді?
7. Тұрақты аялдамалар деген не?
8. Уақытша аялдамалар қалай орналастырылады?
9. Сұрау бойынша аялдамалар қандай жерлерге орналастырылады?
10. Қосымша тапсырма ретінде әр түрлі елдердегі аялдамалардың үлгілерін интернеттен алып, презентация жасау.
11.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>