Ауғанстан - жаралы жүрек

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Ауған соғысының аяқталуының 29 жылдық мерейтойын атап өту мақсатындағы "Ауғанстан - жаралы жүрек!" атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесудің сценариі

Сценарий мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.
Жүргізуші:
Армысыздар бүгінгі кездесуімізге жиналған Ауған соғысына қатысқан ардагерлер, ұстаздар және оқушылар!
Біз соғысты,
Жеңгеніміз үшін еске алмаймыз,
Жамандықты ешуақытта жақтамаймыз.
Ұрпаққа айта береміз, қайта айтамыз,
Бұндай жағдай ешуақытта болмасын деп.
Қайталаймыз ұрпаққа қайталаймыз!
15-ақпан Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 29 жыл толуына байланысты ардагер ағаларымыздың құрметіне арналған "Ауғанстан - жаралы жүрек!" атты кездесуімізге қош келдіңіздер!
Олай болса, ендігі сөз кезегін мектеп басшысы Есбосинов Байбол Сұлтанәліұлына береміз! (сөйледі, шықты)
Ауған соғысының Қазақ еліне әкелген адам шығыны мен зардабы аз емес. 1979-89 жылдарда, яғни 10 жылға жуық созылған бұл соғыста көптеген отбасының шаңырағы шайқалды. Абзал ана жалғыз боздағынан айырылды, әйел жесір, бала әкесіз, отбасы панасыз қалды. Енді ғана азамат атанып әскер қатарына алынған қаншама жігіттеріміз Ауған даласында жан тапсырды. Ал кейбір жауынгерлер із-түзсіз жоғалып кетті. Аяқ-қолдан айырылып, қаны төгіліп мүгедек болғандар қаншама!
Ауған соғысы- жүректе жазылмайтын, тарихта ерекше орын алатын беттер. . .
Әр халықтың, әр адамның қасиетті борышы- Отаны үшін жанын пида қылған азаматтарын мәңгі есте сақтап, құрметтеу, жас ұрпаққа отансүйгіштіктің үлгісі ретінде насихаттау екенін ешқашан ұмытпайық.
Мен қаза

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: