қпын,
Ұланымын елімнің,
Мен қазақпын
тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Болашаққа алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер.
Елім менің Егеменді еңселі,
Ел теңдігі жүрегімде еседі.
Тәуелсіздік туын биік көтерген,
Ерлерімнің даңқы көкке жетеді, -дей келе келесі кезекті 10 "ә" сынып оқушысы Досаева Диананы қарсы алыңыздар!
Жүргізуші:
Соғыс жан алып - жан беру
Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт.
Тарих көші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болды. Соның бірі - әлемді дүр сілкіндірген Ауған соғысы.
Ауғанстан жеріне қатерлі күн туғанда елін,жерін қорғау үшін көптеген ер азаматтар соғысқа аттанды. 1979 жылы басталған соғыс 10 жылға созылды. 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлері Ауған жерінен шығарылды. Бұл соғысқа 22 мың қазақстандық қатысты, олардың 761-і қаза тапты, 21жауынгар хабарсыз кетті. Содан бері міне 29 жыл өтіпті.
Ендеше, құрметті ардагер ағалар сіздердің құрметтеріңізге
Максетбай Айдәулеттің орындауында "Жұмыр қылыш" күйін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:
Бүгінгі "Ауғанстан - жаралы жүрек!" атты кездесуімізге арнайы қонақ болып төрімізден орын алып отырған, Ауған соғысына қатысқан ардагерлермен таныс болыңыздар!(ардагерлер таныстырылады)
1. --
Құлсариев Сәтбай Орынұлы - Ауған соғысы ардагерінің жетекшісі
- - - - - - - - - 2. Ерғалиев Шапай Аймұратұлы - Ауған соғысы ардагері
3. Надиров Кабул Ауған соғысы ардагері
Жүргізуші:
Осындай ержүрек, қайтпас, қайсар жауынгерлердің арқасында жат жердің болашағы үшін, бейбіт өмірі үшін, соғыста қаза тапқан батыр ағаларымызбен есіл боздақтарымыздың рухына тағзым етеміз! п
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>