Ауған соғысы кезіндегі қазақстандық жауынгерлердің ерлігі, қажыр-қайраты, олардың бір-біріне деген достық және бауырмалдық көмегі, от пен оқтың ортасындағы жан кешті тағдыры бүгінгі жастарымызға үлгі-өнеге болғандай. Кір жуып,кіндік кескен жері үшін,аялап,әлпештеп өсірген елі үшін жанған отқа түсіп,от кешкен ер азаматтарымыз ешқашан ұмытылмайды.
Ауған соғысында мерт болған ерлердің рухына, елге аман оралған, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген ағаларымызға мың тағзым!
Жаулардан қарсы келген жасқанбаған
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң
Келесі кезекте 10 "а" сынып оқушысы Алламұратова Сағадаттың өлеңін қабыл алыңыздар!!!
Қанжардан құтқарған қазақ тілі Сағадат
(болған оқиға ізімен)
Жүргізуші:
Қаншама ана айырылды баласынан,
Бала күтті, әкесін теңіз жағасынан.
Шүберекке түйіп жанын,елең етіп
Ана байқұс, әр дыбысқа жаутаңдаған.
Құрметті ардагер ағалар сіздердің құрметтеріңізге
5 "ә" сынып оқушысы Өтехан Балуаншаның Ауған соғысына арналған өлеңімен қарсы алыңыздар!
Жүргізуші:
Құрметті ардагер ағалар!!!Ортамызда сіздермен кездесуге зор ықыласпен келіп отырған Қазақстан жерін қорғайтын азаматтар, арттарыңыздан ерген ұрпақтарыңыз, болашақ жауынгерлер отыр деген үмітпен сенім артып отырған
балаларымызға Ауған соғысы кезінде бастан кешкен оқиғаларыңыз жайлы қысқаша әңігімелеп берсеңіздер екен. Сөз кезегі өздеріңізде. . .
(сөйлеп болған соң) Сіздерге рахмет!
Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды сол кез,
Қирады талай арман көңілге алған.
Тұғыры биік заманда,
Тамыры терең адамға.
Кем де емес мынау ұрпағым,
Сіз тұрсыз
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>