ГЛАВНАЯ
CЕРТИФИКАТ ТАПСЫРЫС
CАЙТ ЕРЕЖЕСІ
БАҚ ӨКІЛІ -- 2014 ЖЫЛ
Ата -анамен жұмыс,тренинг жаттығулар
Добавить комментарий
Қызылорда облысы қармақшы ауданы, Төретам кенті
80 мектеп гимназиясының информатика пәні мұғалімі
Абдрахманова Сауле Жаңабайқызы
Ата -анамен жұмыс,тренинг жаттығулар
1. Сізге хат келді тренингі
Аты-жөні жазылған хат иесі өзін таныстырады, кимнің ата-анасы, отбасы мүшелері, өзінің жұмыс орны, қызығушылығын айтады.
"Баланы ата-ана тәрбиелейді. Ата-ананы кім тәрбиелейді?" әдістемесі.
Мақсаты:отбасындағы балаға деген ата-ананың қатынасының стилін анықтау.
Орындау ережесі. Ұсынылған сұрақтарды мұқият оқып шығыңыз. Оларға ашық жауап беруге тырысыңыз. Тест бала тәрбиесіне байланысты белгілі бір қорытынды шығаруға көмектеседі.
Жауап варианттар мына төменгі әріптермен белгілейді:
"Мен мұны істей аламын және әрқашан осылай істеймін" А-З балл
"Иә,бірақ барлық кезде емес" Ә-2 балл
"Жоқ,бұлай істей алмаймын" Б-1 балл
Тапсырмалар
Сіз:
1. Кез- келген уақытта жұмысыңызды тастап баламен айналыса аласыз ба?
2. Жасына қарамастан онымен ақылдаса аласыз ба?
3. Балаға жіберген қателіктеріңізді оның алдында мойындай аласыз ба?
4. Қателіктеріңіз үшін одан кешірім сұрай аласыз ба?
5. Балаңыздың әрекеті сізді қынжылтқанымен өзіңізді игере аласыз ба,салқынқандық сақтай білесіз бе?
6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя білесіз бе?
7. Еш болмаса 1минутқа өзіңізді мейірімді перзент ретінде сезіне аласыз ба?
8. Балаңызды жаралайтындай сөздерді пайдаланудан өзіңізді үнемі аулақ ұстай білесіз бе?
9. Жақсы қылығы үшін балаңызға оның тілегін орындайтыныңызға уәде бере аласыз ба?
10. Балаңыз ойына келгенді іс
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>