асын қаратып орналасады. Дене босаңситындай етіп өзіне ыңғайлы жағдай тауып алу қажет. Жұптағылар екі жаққа да ыңғайлы болуын ойластырып арқа тіреседі ме,жоқ денесі бос ұстауға емін-еркін тұру қажет пе,оны әр жұп өзі шешеді. Содан соң жұптарға үшінші қатысушы қосылады (ата-аналардың баласы пайда болады). Оны қай жерге және қалай орналастыру керек екенін әр жұп өзі табуы керек. Жаттығу оңай бола салмайды,біреулерге ыңғайлы болады,ал келесілерге қысымы сенумен байланысты болуы да мүмкін.
4. "Отбасылық оқиға" жаттығуы.
"Отбасы" мүшелері топпен құрылған шеңбердің ортасымен жайғасады. Олар отбасындағы рөлдерін анықтап алады да,жетекші оларға қандай да,бір отбасында қуанышты немесе өкінішті жағдайдың болғанын айтады,мысалы, "Сіздің отбасыңыз лотореядан үлкен ақша ұтып алды" немесе "Әкесі аяғын сындырып алды",оларға пікірталас жүргізу ұсынылады. Жетекші көрермендерге алдын-ала "отбасы" қаншалықты мәселені бірлесе отырып шешетінін бақылауға нұсқау береді. Немесе әр көрерменге нақты "отбасы мүшесінің" мінез-құлқын бақылауды ұсынуға болады. Мысалы,ұтыс жағдайында отбасы мүшелері неге ақшаны жұмсауды қалайды:оқуға,саяхатқа,бір нарсе сатып алуға;басқаларды өз ұсынысымен қызықтыра алды ма; дәлелдерді қаншалықты ұтымды түрде ұсына алады.
Талқылаудан кейін,бірнеше қатысушылар орын ауыстырып ортаға отырады да,басқа тақырыпты талқылайды.
Осылайша әртүрлі жағдайды келтіруге болады. Мысалы,анасының әкесі ауылда тұрады,оның өз үйі және шаруашылығы бар,ол ауырып қалды,бірақ қалаға келгісі келмейді. Отбасы не істейтінін шешуі қажет. Қойылымды ойнағанға дейін әр отбасы мүшесінің қалауларын анықтап алуға болады. Мысалы,анасы ауылға кеткісі келеді,өз шаруашылығымен айналысқысы келеді,әкесі мұны қаламайды,өйткені қал
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>