АТА - АНА МЕН БАЛАБАҚША ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
(Школа - детский сад 26)
Ақ жолға бастайтын жеті жетекшісі бар, осыны бойына сіңіре білген, қалыптастыра білген адам, тәрбиелі адам.
Адамның басшысы - ақыл
Жетекшісі - талап
Жолдасы - кәсіп
Қорғаны - сабыр
Қорғаушысы - мінез
Сынаушысы - жолың
Халық сөзі
Лайықты киім жоқпа бұдан басқа,
Керексіз кербезделік бос шатаспа,
Ақылды киім бермес, ғылым берер,
Ғылымын ал, өнерін ал, мұны таста!
Шәкерім Құдайбердіұлы.
Балабақша мен отбасындағы ынтымықтастықты біріктіре отырып оқу және тәрбиелеу жүйесін ұйымдастырып, әр баланы жеке тұлға ретінде қазіргі заман талабына сай рухани жан дүниесін байытып, бойындағы құндылықтарды дамыту. "Баланы өмірге икемдеуде ата-ананың тәрбиелегені жақсы, ал өнерге баулуда кәсіби маманның көмегіне жүгінген жөн" дегендей, баланың тәрбие, үлгі алатын алғашқы ұясы - отбасы ортасы, ата-анасының жылы құшағы.
Ата-ана үшін бала өмір жалғасы, көздің нұры, үміт күткен шырағы, келешек қызық көрсетер болашағы десек, тәрбиеші үшін еңбегінің нәрлі жемісі болып табылады.
Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне, сондықтанда: "Ана үйдің берекесі, бала үйдің мерекесі", "Бала болсаң болғандай бол, айналаңа қорғандай бол" деген қағиданы берік ұстанған ата-бабаларымыз өз ұрпағын "Адам, азамат" деген атқа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. Бала тәрбиесінің қай саласында болсын, ата-ананың өнегесі үлкен рөл атқарады. Егер баланың ата-анасы үйді таза ұстап, өздерін күте білсе, жақындармен сыпайы қарым-қатынаста болса, жақсы кітап, кино шығармалар жайлы әңгімелеп отырса баланың эстетикалық танымын күшейте түсері хақ. Отбасы-бұл баланың өмір сүру о
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>