Астық тұқымдастары. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары

Страницы: <<  <  30 | 31 | 32 | 33 | 34  >  >>

, асбұршақ), олар тірек, шырмалғыш қызметін атқарады.
Бүршік. Кез келген өркен бүршіктен дамиды, сондықтан бүршік бастапқы өркен.
Барлық гүлді өсімдіктерде өркеннің түріне қарай 2 түрлі бүршік болады: вегетативті(өсу) және генеративті(көбею) бүршік.
Вегетативті бүршік тек ұзарған өркенде ғана орналасады. Одан ұзарған өркен мен жапырақ өсіп шығады. Генеративтік (гүл бүршігі) тек қысқарған өркенге ғана орналасады.
Бүршіктер орналасуына қарай төбе бүршік және қолтық бүршік деп бөлінеді. Егер бүршік өркеннің ең ұшында орналасса төбе бүршік, жапырақ қолтығында орналасса қолтық немесе жанама бүршік д. а. Өсімдік түріне қарай бір жапырақтың қолтығында бір немесе бірнеше бүршіктер (сарымсақ, қарабүлдірген) болады. Қолтық бүршіктен жан-жаққа бұтақтар өсіп таралады. Өсімдіктердің кез келген мүшесінің әр жерінен қосалқы бүршіктер шығады. Қосалқы бүршіктердің ерекшелігі олар өсімдіктің кез келген жерінен тамырдан, тамырсабақтан, сабақтан, жапырақтан дамиды. Мысалы, қалуеннің (осот) тамырынан жер бетіне қаулап өсетін атпалар (тамыр атпасы), кескен ағаштың томарының айналасына өсетін шыбықтар және т. б. Көптеген өсімдіктердің жапырақтарына дамитын қосалқы бүршіктер әсіресе бөлеме өсімдіктерде анық байқалады. Мысалы, бриофиллюм (каланхое) жапырақ тақталарының жиегінде қаз-қатар тізіліп қосалқы бүршіктер шығады. Ол бүршіктердің әрқайсысы жапырақтан ажырап түсіп, өзінше жас өркендірдің бастамасын береді. Көпжылдық өсімдіктерде ұсақтау қолтық бүршіктер мен қосалы бүршіктер ашылмай тыныштық күйге ауысады. Ол бұйыққан бүршік делінеді. Бұйыққан бүршіктер тіршілік қабілетін ұзақ уақыт сақтап, өте баяу өседі. Бұйыққан бүршіктер гүлшетен, үшқат, сары қараған, ырғай, тобылғы бұталарынан басқа көп жылдық шөптесін өсімдіктерде де болады. Әсіресе бұталардың түптенуі осы бүршікк

Страницы: <<  <  30 | 31 | 32 | 33 | 34  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: