Астық тұқымдастары. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары

Страницы: <<  <  31 | 32 | 33 | 34 | 35  >  >>

е байланысты. Ағаштардың зақымдануы, басқа бүршіктердің өсуі баяулаған кезде бұйыққан бүршіктер дереу белсенді өсе бастайды. Оған ағаш діңінің кесілген бұтақтары мен ағаш түбінен өскен өркендер мысал болады.
Бүршіктің ішкі құрылысы. Көктемде кез келеген ағаштың бүршігін дәл ортасынан ұзыннан теңдей 2-ге бөліп, ұлғайтқыш әйнекпен (лупа) қараймыз. Бүршіктің сыртын қалың, тығыз қабышақтар қаптайды. Қабыршақтың саны өсімдік түріне қарай 1,2,3 және одан да көп болады. Қабыршақ – түрі өзгерген сыртқы жапырақтар.
Қабыршақтар құрғақ, жабысқақ, шырышты, түкті, қоңыр, қызғылт түсті болады. Қабыршақтарының түкті, жабысқақ болуы су булануын азайтып, үсуден, құстардың шоқып, зақымдануынан қорғайды. Әдетте бүршіктердің пішіндері мен қабыршақтарының ерекшеліктеріне қарап, өсімдік түрлерін оңай ажыратуға болады.
Бальзамды теректің бүршік қабыршақтары өзінен бальзам бөлетіндіктен жылтыр, өткір иісті, Қолмен ұстағанда саусаққа желім сияқты жабысады. Сыртында қабыршағы болмайтын ашық бүршікті өсімдіктерге морт сыңғыш итшомыр жатады.
Ашық (қабыршағы жоқ) бүршіктердің сыртын бөбешік жапырақтар, жапырақ қынабы жауып тұрады.
Бүршіктің ішкі жағында дәл ортасынан тығыз ақшыл-сары түсті бастапқы сабақты көреміз. Оның жан-жағынан бастапқы жапырақшалар көрініп тұрады. Бастапқы сабақтың ұшы өсу нүктесімен бітеді.
Бүршік көктмде өсімдіктің тамырында, сабағында жиналған қоректік заттар қорымен қоректеніп, ісінеді. Сыртындағы қалың қабыршақтары түсіп, ашылады. Қабыршақтың үзіліп түскен жерінде сақина тәрізді дөңгелек із қалады. Сол ізден бастап өлшегенде өркеннің бір жылда қанша мөлшерде өскені анықталады. Әдетте ең ірі төбе бүршіктері мен жанама бүршіктер ғана ашылып, өркен дамиды.
Барлық гүлді өсімдіктерде өркеннің түріне қарай 2 түрлі бүршік болады: өсу бүршігі жә

Страницы: <<  <  31 | 32 | 33 | 34 | 35  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: