Астық тұқымдастары. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары

Страницы: <<  <  28 | 29 | 30 | 31 | 32  >  >>

ыр өсімдікке не үшін қажет? (Тамыр арқылы топырақтан суды және онда еріген минералды тұздарды сабаққа өткізеді; Өсімдікті топыраққа берік орнықтырады; Әр түрлі органикалық заттарды (аминқышқылдар, гормондар, т. б. ) синтездейді. Кейбір тамырлар қоректік заттарды қорға жинайды; Басқа өсімдіктердің тамырларымен, микроорганизмдермен, саңырауқұлақтардың жіпшелерімен әрекеттеседі; Вегетативтік көбеюге қатысады. )
15. Тыңайтқыштардың қандай түрлері бар, мысал келтір. (органикалық(құс саңғырығы, қи, қарашірік және т. б. ) және минералды тыңайтқышар(Нитрагин, суперфосфат, азот силитрасы)
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Жапырағы мен бүргіші бар бұтақтанбаған жас сабақты өркен дейді. Өркеннің бұтақтануы үш түрлі болады: дихотомиялы (айыр), моноподиалды және симподиалды.
Дихотомиялы бұтақтану кезінде өсу конусы екі еселенеді де, екі өркен береді, әрі қарай оның әрбіреуі тағы да екі өркеннен береді және т. с. с. Бұл – бұтақтанудың ежелгі тәсілі (плауындар, мүктер)
Моноподиалды бұтақтану кезінде бірінші реттің негізі білігінен жоғары қарай өсуі шектеусіз ұзақ болады, одан екінші ретті және қалған реттегі қысқа жанама біліктер өседі (шырша, самырсын және т. б. жалаңаштұқымдылар).
Симподиалды бұтақтану кезінде негізгі білігі өзінің өсуін ерте тоқтатады, бірақ оның жоғарғы жағының үстінен жанама бүршіктер шыға бастайды. Осы шыққан бүршіктер бірінші реттің білігін(осін) жалғастырған тәрізденеді. Бұлар өз кезегінде сол сияқты жоғары өсуін тоқтатады да, оның жанама бүршіктері шыға бастайды, онда үшінші реттік білік пайда болады т. с. с. (гүлді өсімдіктер).
Өркендерді жіктеу
Негізгі өркен тұқым бүршігінің ұрығынан дамиды
Жанама өркен жанама қолтық бүршіктен дамиды, соның есебінде сабақ бұтақталады.
Қосалқы өркен қосалқы бүршіктерден дамиды,

Страницы: <<  <  28 | 29 | 30 | 31 | 32  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: