ы
Түзуші ұлпаЖасушалары жас, ұдайы бөлінетіндіктен өсімдік өседі, жапырақтары, бүршіктері, гүлшанақтары ашылады. Тұқымынан жас өсімдіктер(өскін) өсіп шығады. Сабақ пен тамыры ұзарып өседі. Ағаш діңі жуандайды. Басқа ұлпалар осы ұлпадан түзіледі. Өркен мен тамырдың ұшында. Астық тұқымдас өсімдіктердің (бидай, жүгері, тары) сабақтарының буын аралықтарында. Сабақ пен тамырдың қабық астында
Жабын ұлпа Жасушалары бір-біріне өте тығыз жанасады, сондықтан өсімдіктерді сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан (ыстық, суық, қатты жел, зиянкестермен зақымдану) сақтап қорғайды. Сыртқы ортамен қатыныс жасайды (ауа мен пайдалы газдарды, күн сәулесін ішке өткізіп, сыртқы судың артығын буландыру). Өсімдіктің барлық мүшелерінің (тамыр, сабақ, жапырақ, тұқым, гүл, жеміс) сыртын қаптап тұрады. Жапырақтар мен сабақтар, жемістер, тұқымдардың сыртындағы жұмсақ және қатты тікенекті түктері.
Тірек ұлпаЖасушаларының қабықшасы алғашында жұқа болғанымен біртіндеп қалыңдайды, мықтылық, тірек қызметін атқарады. Сабаққа, жапыраққа мықтылық қасиет беріп, сыныудан, майысудан қорғайды. Өсімдік қанша нәзік болса да тірек ұлпасының арқасында қатты дауылға, нөсер жамбырға майысып барып, қайта қалпына келеді. Өсімдіктің барлық мүшелдерінде белгілі бір тәртіппен орналасады. Тамыр мен сабақта. Жапырақ жүйкелерінде. Жемістің жұмсақ етінде. Тұқымда (өрік, шие сүйектері мен жаңғақтың сыртын қаптап тұрған қатты қабықтар) т. б. жерлерде.
Негізгі ұлпа (қор жинаушы, фотосинтездеуші)Жасушалары ірі, сондықтан зат алмасудың артық өнімдері қорға жиналады, онымен ұрық және тағы басқа өсімдіктердің жас мүшелері қоректенеді. Жапырақтағы фотосинтездеуші ұлпаның жасушаларында хлорофилл дәндері болатындықтан жарықта органикалық зат түзеді. Онымен бүкіл тірі организмдер қоректенеді. Жасуша арасында бос кеңісті
Страницы: << < 14 | 15 | 16 | 17 | 18 > >>