Астық тұқымдастары. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары

Страницы: <<  <  13 | 14 | 15 | 16 | 17  >  >>

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: «Сен – маған , мен - саған» сұрақ-жауап әдісі арқылы сұрау.
1. Жасушаның химиялық құрамын нешеге бөлеміз?
2. Жай заттарға не жатады?
3. Күрделі заттар , олардың өсімдік үшін маңызы неде? Т. б.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Барлық тірі ағзалардың (өсімдіктер, жануарлар) денесі жасушадан тұратындығы жайлы алдыңғы тақырыпта айтқанбыз. Тіпті денесі бір ғана жасушадан тұратындар да көпжасушалы ағзалар сияқты қоректенеді, тыныс алады, өседі, көбейеді, қозғалады, тітіркенеді, зат алмасады. Тарихи дамудың нәтижесінде құрылысы күрделеніп көп жасушалы ағзалар пайда болды. Өсімдіктердің жеке-жеке мүшелерге жіктелуінің арқасында көлемі ұлғайып, сыртқы ортамен байланысы күшейіп, қоректік заттарды сіңіруі жақсара бастады.
Өсімдіктің өсуі мен дамуы жеке мүшелерінің қызметін күрделендіре түсті, құрылысы ұқсас, атқаратын қызметі бірдей жаңа жасушалар түзілді.
Шығу тегі бірдей құрылысы мен қызметі ұқсас жасушалар тобын ұлпа д. а. Нағыз ұлпалар папротниктәрізділерде, ашық тұқымдыларда, гүлді өсімдіктерде жақсы, ал мүктерде өте нашар дамыған.
Атқаратын қызметіне қарай ұлпалар түзуші, жабын, негізгі (қоректік және фотосинтездеуші), тірек (механикалық), өткізгіш, бөліп шығарушы деп топтастырылады. Ұлпа жасушалары тірі және өлі болады. Өлі жасушаларының ішінде цитоплазмасы болмаса да өсімдікке қажетті физиологиялық қызмет атқарады. Жасушааралық кеңістіктері аз болса, ұлпа жасушалары бір-бірімен өте тығыз, ал кең болса арасында бос орын көбірек қалып бостау орналасады.
Ұлпа – жасушалардың бөліну, өсу, жіктелу нәтижесінде пайда болған (түзілген) шығу тегі, құрылымы және атқаратын қызметі бірдей жасушалар жүйесі.
ІV. Бекіту. Өсімдік ұлпалары
Аттары
Ұлпалардың құрылысы және маңызы
Өсімдікте орналасу

Страницы: <<  <  13 | 14 | 15 | 16 | 17  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: