Сабақтың тақырыбы: Астана қаласына саяхат. Бастауыш.
Сабақтың мақсаты:
Астана қаласына саяхатқа барып, әсем ғимараттарымен танысу.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Елорда туралы түсініктерін кеңейту, мәтінмен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру, бастауыштан алған білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін кеңейту, сөздік қорын молайту, сауатты оқу дағдысын күшейту, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Өз еліне,жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, бір - біріне сыйластық сезімдерін тереңдету;
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, суреттер,слайд
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себептерін сұрау.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
4. Тіл дамыту сәтін өткізу.
ІІ. Өткен материалдарды еске түсіру, жалпылау:
1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау.
3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын байқау.
4. Неге көңіл аудару қажеттігін анықтау, ескеру.
Үй тапсырмасы:
Балалар сендерге бүгінгі сабаққа Астананың көрікті жерлері туралы мәліметтерді жинақтап келу тапсырмасы берілген болатын. Өздеріңнің тапқан мәліметтеріңді қайталай отырыңдар. Қазір жаңа сабақ барысында үй жұмыстарың да тексеріліп отырады.
ІІІ. Жаңа сабақты қалыптастыру: "Астана қаласына саяхат"
-Балалар,бүгінгі сабағымыз ерекше, ол-саяхат сабағы . Еліміздің үлкен, әсем қаласына саяхатқа шығамыз. Қай қалаға с
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>