лдама-остановка
көрікті-красивий
жаға-берег
орталық-центр
ойын-сауық орталығы -- развлекательный центр
Сөз тізбегі. Сөз тіркесі тізбегі . Сөйлем тізбегі.
2-аялдама. "Бәйтерек"
1. Мәлімет беру.
Астана қаласының сол жағалауында "Астана-Бәйтерек" монументі орналасқан. Мұнда Өмір ағашы -- Бәйтеректің көк аспанға қарай самғауы көрініс тапқан. Бәйтерек ғимаратының биіктігі -- 97 метр. "Астана-Бәйтерек" монументі кешенін салу идеясының авторы- Қ. Р Президенті Н. Ә. Назарбаев.
2. Тапсырма. Астана мәтінімен жұмыс.
Алдымен мәтінді тыңдайды. Содан кейін тізбекпен оқып шығады. Мәтіннің мазмұнын түсінгенін "Даналық ағашы" ойыны арқылы білетін боламыз. Бұл ойында оқушылардың алдында Экскурсовод қыз тұрады. Мәтінді тағы бір рет мұқият оқып шығып, әр оқушы мәтін бойынша сұрақ жазады. Ол жазылған сұрақтарын Экскурсовод қызға береді. Кейін сол сұрақтарға өздері кезекпен жауап береді. (Астана туралы қысқаша мәлімет. )
Астана.
Астана - Қазақстанның төртінші астанасы. 1997 жылдан бастап Ақмола Астана қаласы деп аталады. Астанада 2002 жылы биіктігі 97 метрден тұратын монумент салынды. Ол "Бәйтерек" деп аталды. "Бәйтерек" Есіл өзенінің сол жағында орналасқан. Ол үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі - жер асты бөлігі, екіншісі - ұзын темірден жасалған, үшіншісі - үлкен дөңгелек шар. Ал дөңгелек шардың ішінде елбасымыздың қолының ізі бар тас орналасқан. "Бәйтерек" -- Астана символы. Сонымен қатар думан ойын сауық кешені бар.
"Думан" ойын - сауық кешені 2000 жылы салына бастады. Бұл кешенде океанариум, "Джунгли" балалар аттракционы, боулинг залы, шағын дүкендер бар. "Думан" океанариуымы - Қазақстандағы тұңғыш және алғашқы океанариум. Онда 20
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>