дың суретіне қарауды ұсыныңыз. Түсі, өлшемі мен пішіні жағынан монеталардың әртүрлі болатынын айтыңыз. Не себепті монеталардың түсін, өлшемін және пішінін әртүрлі етіп шығаратыны туралы оқушылардың болжамын тыңдаңыз. Ең кіші монета қайсы және онда қай сан жазылған? Ең үлкен монета қайсы? 1 мен 20 сандарын салыстыруды ұсыныңыз. Монеталардың арасындағы айырмашылықты өлшемі мен түсі арқылы қалай көрсетілгені туралы талдатыңыз. Олармен тәжірибе жүргізіңіз. Көздерін байлап, қолдарына алған қай монета екенін тапқызыңыз.
Монеталарды салыстыр. Тапсырма қатар тұрған монеталардың құнын, түсін, өлшемін, пішінін салыс тыруға бағытталған. Берілген тапсырманы сынып тағы оқушылармен көрнекілік түрінде монеталарды көрсете отырып орындатыңыз. Оқулықта берілген монета түрлерін оқушыларға монеталардың ішінен тауып, оларды қатар қойып, салыстыруын ұсыныңыз. Оқушылардан не байқағанын сұраңыз. Оларға мынадай сұрақтар қойыңыз:
-- Барлық монеталар бірдей ме? (Жоқ, олар әртүрлі. )
-- Монеталарды қандай белгілері бойынша салыстыруға болады? (Түсіне, жасалған материалы на, өлшеміне және пішініне, монетадағы жазылған цифрына қарай. )
-- Қай монета өлшемі бойынша ең кіші? (1 теңгелік. )
-- Монеталарды қандай топтарға бөлуге бола ды? Қандай белгілері бойынша? (Түсі және жасалған материалы бойынша. )
Әр монетаны көрсетіп талқылағаннан кейін оларды құнына қарай рет-ретімен қойып шығыңыз. Оқушылардан не байқағанын сұраңыз.
1 тг мен 10 тг, 5 тг мен 20 теңгелік монеталар дың көлеміне, ондағы жазылған цифрға, суретіне (оқушылар "монеталардың құны" деген түсінікпен келесі сабақта танысады, сондықтан "құны" сөзінің орнына монетадағы цифрлар сөзін қолданыңыз) назар аудартыңыз. Қай монетаға көп зат сатып алуға болатынын сұраңыз.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>