Асан қайғының жерге айтқан сыны

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
"Таза, мінсіз асыл сөз" бөлімі
Мектеп: "31 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні: Конаева Салтанат Базарбековна
Сынып: 5 Қазақ әдебиеті
Қатысқандар: 20

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы
Асан қайғы "Асан қайғының жерге айтқан сыны" аңызы
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу мақсаттары
(оқу бағдарламасына
сілтеме)
5Б/С4. Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу

Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар орындай алады:
мәтіннің негізгі идеясын толық түсінеді, оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай алады, сыни хабарлама жазады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
бейнеролик пен шығармадан алған әсерлерімен бөлісіп, сыни хабарламаны еркін жазады, берілген тапсырманы түсініп, мәтін құрастырады, сұраққа сенімді жауап береді.


Кейбір оқушылар орындай алады:
өз ойын толық жеткізіп, дәлел келтіре алады. "Асан қайғының жерге айтқан сыны" аңызындағы қазақ жерінің байлығы туралы сыни талдауына баға береді

Бағалау критерийі
мәтіннің негізгі идеясын түсінуі
шығармадан алған әсерін талдай алуы
жазба жұмысын жазуы
әсер еткен тұстары жайлы пікір жазуы
сұраққа еркін жауап беруі
өз ойларын толық жеткізуі
дәлел келтіре алуы
аңызға сыни баға беруі


Тілдік мақсаттар
Оқушы орындай алады: Асан қайғы шығармасынан алған әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жаза алады.


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: ғаріп, желмая, жерұйық, шідер, өңгеру, бөктеру

Талқылауға арналған сұрақтар:
Аңыздың негізгі идеясы не деп ойлай

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: